Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (2) Өлеңдер (3) Мақал-мәтелдер (136) Ұлағатты сөздер (124)

Ақымаққа іс тапсырған
Жіптің ұшын жоғалтқанменен бір.

Ілмектер: ақымақ, іс, жіп, жоғалту

Асықпай, істі байқап ал.

Ілмектер: асығу, іс

Киім пішсең кең піш,
Ісің бітеді.

Ілмектер: киім, пішу, іс, өнер

Ашу қысқан жаман іске ұрынар,
Ызалыға білім үйрет, ұғынар.

Ілмектер: ашу, ыза, ызақор, білім, жаман, іс

Әдемі сөйлегеннің ісі әйбат.

Ілмектер: әдебі, сөйлеу, іс, әйбат

Әр істі өз мезгілінде істеу керек,
Мезгілімен істелмеген іс құнтсыз.

Ілмектер: мезгіл, іс

Әр істің басталуы ғана қиын.

Ілмектер: іс, қиын, бастау

Байдың ісі пәрменменен,
Жарлының ісі дәрменменен.

Ілмектер: бай, іс, жарлы, кедей, пәрмен, дәрмен

Баланы іске бұйыр,
Соңынан бірге жүгір.

Ілмектер: бала, жұмсау, іс

Бар бәледен ұят сақтайды,
Барлық жақсы істің байламы да ұятта.

Ілмектер: бәле, ұят, жақсы, іс

Бардың ісі пәрменменен,
Жоқтың ісі дәрменмен.

Ілмектер: бар, жоқ, іс, пәрмен, дәрмен

Барлық істе де шамаңды біл.

Ілмектер: шама, іс

Барлық істі де ынсаппен істе.

Ілмектер: іс, ынсап

Барлық істің басшысы — білім мен ұғым.

Ілмектер: білім, іс, ұғым

Басталған істің аяғы да болады.

Ілмектер: іс, бас, аяқ

Басты балта бұзар,
Істі сайтан бұзар.

Ілмектер: бас, сайтан, іс, бұзу

Басты бұзған балта,
Істі бұзған маңқа.

Ілмектер: бас, іс, бұзу, маңқа

Басыңа іс түссе, билігің зая,
Үстіңнен жау түссе, ерлігің зая.

Ілмектер: іс, бас, билік, зая, жау, ерлік

Бүгінгі істі ертеңге қалдырғанның ісі бітпейді.

Ілмектер: бүгін, іс, ертең, қалдыру

Бүгінгісін ертеңге қалдырған ешқандай істі бітірмейді.

Ілмектер: бүгін, ертең, іс, қалдыру