Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (35) Өлеңдер (18) Мақал-мәтелдер (93) Ұлағатты сөздер (6) Әзіл, анекдоттар (1)

Аңқау қонақ үй иесін сыйлайды.

Ілмектер: аңқау, қонақ, үй, сый

Ат арықтаса, тулақ болар,
Ер арықтаса, қонақ болар.

Ілмектер: тулақ, ер, қонақ, арықтау

Ауылдың қонағы айда-жылда бір қонар.

Ілмектер: ауыл, қонақ, ай, жыл, қону

Әдемі киім өзіңе, тәтті асыңды елге бер,
Қонақ күтіп сыйласаң, атың шығып ел кезер.

Ілмектер: әдемі, киім, тәтті, ас, ел, қонақ, сый

Барлық қонақ бірдей емес.

Ілмектер: қонақ

Бұрынғы қонақ соңғы қонақты ұрып жығады.

Ілмектер: қонақ

Қонағым өз үйіңді де ойлай отыр.

Ілмектер: қонақ, үй

Құтты қонақ келсе қой егіз табар,
Құтсыз қонақ келсе қойға қасқыр шабар.

Ілмектер: құт, қонақ, қасқыр, қой

Қонаққа «кел» демек бар, «кет» демек жоқ.

Ілмектер: қонақ, кел, кет

Қонақ келсе, сайласып,
Атып тұрып, атын тұт.
Жай сұрасаң жайласып,
Алдыменен өзін күт.

Ілмектер: қонақ, сыйластық

Қонақ атаңнан да ұлы.

Ілмектер: қонақ, ата, салт-дәстур, әдет-ғұрып

Қонағыңның алтынын алма, алғысын ал.

Ілмектер: қонақ, алтын, алғыс