Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (3) Өлеңдер (2) Мақал-мәтелдер (32) Ұлағатты сөздер (33)

Жамандықта ғана амандықтың қадірі өседі.

Ілмектер: жамандық, амандық, қадір, парсы мақалы

Жолдас қадірін жорықта білесің,
Дос қадірін соғыста білесің.

Ілмектер: дос, соғыс, қадір, жолдас

Қадіріңді бір сөз қашырса да,
Мың сөз қайтармайды.

Ілмектер: сөз, қадір

Ет қадірін – ашыққан біледі,
Жол қадірін – тарыққан біледі.

Ілмектер: ет, дол, қадір, қырғыз мақалы

Ас қадірін аш білер.

Ілмектер: ас, қадір, қырғыз мақалы

Қар да кетер,
Қадір де өтер.

Ілмектер: қар, қадір, қырғыз мақалы, өткінші

Тірлігінде қадірлемей, өлгенінде жылағаның құрысын.

Ілмектер: қадір, қадір-қасиет

Ата-ананың қадірін балалы болғанда білерсің.

Ілмектер: ата-ана, бала, қадір

Ac қадірін білмесең, ашаршылықты көрерсің,
Ат қадірін білмесең, жаяушылықты көрерсің.

Ілмектер: ас, тамақ, дастархан, ат, қадір

Ағайынға қадірің болмас,
Күнде бетіңді көреді.
Әйелге қадірің болмас,
Етіңді көреді.

Ілмектер: ағайын, туыс, әйел, қадір

Алтынның қолда барда қадірі жоқ.

Ілмектер: алтын, қадір, қол