Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақал-мәтелдер (70)

Көп малдан айрылғанда,
Бір малды қасқыр жейді.

Ілмектер: мал, қазақ мақалы

Мал бітпес, деп ерден түңілме,
Шөп бітпес деп жерден түңілме.

Ілмектер: қазақ мақалы

Мыңды айдаған бірді мінеді.

Ілмектер: қазақ мақалы

Оқ жетпес жерге қылыш суырма.

Ілмектер: қазақ мақалы

Өле жегенше, бөле же.

Ілмектер: қазақ мақалы, ас

Алдыңа бір қарасаң, артыңа екі қара.

Ілмектер: қазақ мақалы

Өткендерін ескерген - өскендіктің белгісі.
Өткендерін жек көрген - өшкендіктің белгісі.

Ілмектер: қазақ мақалы, өткен шақ, тарих туралы мақал

Мысық жоқта тышқан кісінейді.
Ит жоқта шошқа үреді

Ілмектер: қазақ мақалы

Досы көппен сыйлас,
Досы азбен сырлас.

Ілмектер: Достық, қазақ мақалы

Шағала келмей жаз болмас,
Шаңқан келмей, боз болмас.

Ілмектер: құс, қазақ мақалы

Жаман қыздың үйіне барсаң шашы тікірейіп төрге қашады,
Жақсы қыздың үйіне барсаң шашбауы сылдырлап есік ашады.

Ілмектер: қазақ мақалы

Ауру қалса да,
Әдет қалмайды.

Ілмектер: Әдет, қазақ мақалы

Балаға байқап сөйлесең,
Ақылыңа көнер,
Байқамай шайқап сөйлесең,
Көрсетер бір «өнер».

Ілмектер: Тәрбие, қазақ мақалы

Балаңды бес жасқа дейін патшаңдай күт
Бес жастан он бес жасқа дейін құлыңдай жұмса
Он бес жастан асқан соң досыңдай сырлас

Ілмектер: қазақ мақалы, бала тәрбиесі

Анаңды үш рет Меккеге арқалап апарсаңда,
Қарызыңнан құтылмайсың.

Ілмектер: қазақ мақалы, қазақ мәтелі, жел

Алтау ала болса,
Ауыздағы кетеді;
Төртеу түгел болса,
Төбедегі келеді.

Ілмектер: қазақ мақалы

Ағайынға қарап бала өсер,
Қарағайға қарап тал өсер.

Ілмектер: қазақ мақалы, тәлім, тағлым, тәрбие

Бір түлікке бай болғанша,
Әр түлікке сай бол.

Ілмектер: жануар, қазақ мақалы

Жақсымен жолдас болсаң,
Жетерсің мұратқа.
Жаманмен жолдас болсаң,
Қаларсың ұятқа.

Ілмектер: достық, қазақ мақалы

Жаман қорыққанын сыйлайды.

Ілмектер: жаман, қазақ мақалы, сыйластық