Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (1) Өлеңдер (8) Мақал-мәтелдер (116) Ұлағатты сөздер (6)

Еркектің жаманы
Қатынын жамандар,
Елдің жаманы
Батырын жамандар.

Ілмектер: жаман, еркек, қатын, отбасы

Азар болса, жақын жаман,
Шабан болса, атың жаман.
Шайпау болса, қатын жаман.

Ілмектер: жаман, қатын, отбасы

Жаман мақтанса қатынын сабар.

Ілмектер: жаман, қатын, мақтану

Қатын алма, қайын ал,
Жақсы көрген тамырдың
Атын алма, тайын ал.

Ілмектер: қатын, отбасы, үйлену

Ердің атын не аты шығарар,
Не қатыны шығарар.

Ілмектер: ер, қатын

Байы өлген қатынның беті жара,
Бағы тайған батырдың еті жара.

Ілмектер: бай, батыр, қатын

Қос ұл туған қатынды
Ханым десе болады.
Ел қорғаған батырды
Нарым десе болады.

Ілмектер: қатын, ханым, батыр, ер, ел

Үйдің басын қатын қосар,
Елдің басын батыр қосар.

Ілмектер: үй, батыр, қатын

Ұрының қатыны өзіне лайық.

Ілмектер: ұры, қатын

Қатыны өлген мен байы өлген қосылса:
Күндіз екеу,
Түнде төртеу.

Ілмектер: қатын, бай, өлім

Қатын өтірік айтпайды, қағыс естиді.

Ілмектер: қатын, өтірік

Қатын алсаң, отын ал.

Ілмектер: үйлену, қатын, әйел, отын

Қатын жақсы, ер жақсы.

Ілмектер: қатын, ер, әйел, жақсы

Қатыны жоқ үй – тұл.

Ілмектер: үй, әйел, қатын

Ерді ер ететін де, жер ететін де қатын.

Ілмектер: ер, әйел, қатын

Жақсы қатын жаман еркекті де адам етеді.

Ілмектер: жақсы, жаман, қатын, әйел, еркек, адам

Ер - бас,
Қатын - мойын.

Ілмектер: ер, әйел, қатын, өмір, орта, тұрмыс, тірлік, қоғамдық құбылыстар

Баланы - жастан,
Қатынды - бастан.

Ілмектер: бала, қатын, өмір, орта, тұрмыс, тірлік, қоғамдық құбылыстар

Екі қатын алғанның дау үйінде,
Жаман қатын алғанның жау үйінде.

Ілмектер: дау, жау, қатын, жаман, өмір, орта, тұрмыс, тірлік, қоғамдық құбылыстар

Жақсы қатын ырыс,
Жаман қатын ұрыс.

Ілмектер: ырыс, ұрыс, қатын, өмір, орта, тұрмыс, тірлік, қоғамдық құбылыстар