Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (1) Өлеңдер (8) Мақал-мәтелдер (116) Ұлағатты сөздер (6)

Екі қатын ұрысса, ұрлығы мен қарлығын айтар.

Ілмектер: қатын, ұрыс, ұрлық, өмір, орта, тұрмыс, тірлік, қоғамдық құбылыстар

Өсер елдің жігіті бірін-бірі батыр дер,
Өшер елдің жігіті бірін-бірі қатын дер.

Ілмектер: ел, жігіт, батыр, қатын

Қатын ақылсыз, бақа құйрықсыз.

Ілмектер: қатын, бақа, ақыл

Ала алмаған атынан көрер,
Қайтып келіп қатыннан көрер.

Ілмектер: ат, қатын

Етігің тар болса, дүниенің кеңдігінен не пайда?
Қатының долы болса, елдің тыныштығынан не пайда?

Ілмектер: етік, ел, тыныштық, қатын, долы, тар

Қатынға тисең қарасы жұғады,
Балаға тисең бәлесі жұғады.

Ілмектер: қатын, бала, бәле

Сорлы қатын алса таң қысқарады.

Ілмектер: таң, қатын

Ит опа, қатын қапа.

Ілмектер: ит, қатын

Қарашы хан тұсында, қатын ер тұсында.

Ілмектер: хан, ер, қатын

Байдың қатыны өлсе төсек жаңғырар,
Жарлының қатыны өлсе басы қаңғырар.

Ілмектер: бай, кедей, жарлы, өлім, қатын

Ат алсаң бойы менен басын ал,
Қатын алсаң көзі менен қасын ал.

Ілмектер: ат, қатын, бой, көз, қас

Қатын алдың, отын алдың.

Ілмектер: қатын, от

Ат жаманы тайменен ойнар,
Қатын жаманы байменен ойнар.

Ілмектер: ат, жаман, қатын, ойын

Қатын оңса - қазына, оңбаса - қаза.

Ілмектер: қатын, қазына, қаза

Ағайынға қадірім жоқ бетімді көреді,
Қатыныма қадірім жоқ етімді көреді.

Ілмектер: ағайын, қадір, бет, қатын

Қатын ерге қарайды, ер жерге қарайды.

Ілмектер: қатын, ер, жер

Ердің атын я аты шығарады,
Я қатыны шығарады.

Ілмектер: ер, қатын

Денсаулық ғаныбет,
Сырқаулыға болмаса.
Ер жолдасы - қатыны,
Ақ жаулығы болмаса.

Ілмектер: денсаулық, сырқау, ер, жолдас, қатын

Жаулық кигеннің бәрі қатын емес.
Бөрік кигеннің бәрі батыр емес.

Ілмектер: қатын, батыр, бөрік, жаулық

Жаман ерден жайдағым жақсы,
Жаман қатыннан бойдағым жақсы.

Ілмектер: ер, қатын, жаман, бойдақ