Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (1) Өлеңдер (8) Мақал-мәтелдер (116) Ұлағатты сөздер (6)

Ерге жаққан қатын елге де жағады.

Ілмектер: ер, әйел, қатын

Қатынның шайпау болғаны – болмағаны,
Келіннің шайпау болғаны – оңбағаны.

Ілмектер: қатын, келін, әйел

Қатын ашуланса қазан қайнатар.

Ілмектер: қатын, әйел, ашу

Жақсы аттың тісін ашып қарама, киесі болады.
Қатыны жастың жұрт көзінше жасын сұрама, әр нәрсенің жүйесі болады.

Ілмектер: ат, қатын, әйел, жас

Қатын бастаған көш оңбас.

Ілмектер: қатын, әйел, көш

Жаман қатын өлсе, төсек жаңғырады,
Жақсы қатын өлсе, бас қаңғырады.

Ілмектер: жақсы, жаман, әйел, қатын

Ханның ісі басталса,
Қатынның ісі тоқтай тұрар.

Ілмектер: хан, қатын, іс

Күйді білген қатыннан,
Үйді ұстаған қатын артық.

Ілмектер: үй, қатын

Ері өліп ерге тиген қатын – келіншек.

Ілмектер: ер, қатын, келіншек, қырғыз мақалы

Баланы – жасынан,
Қатынды – басынан.

Ілмектер: бала, қатын, тәрбие

Куәлі сөз – некелі қатын.

Ілмектер: неке, қатын, сөз, қырғыз мақалы

Қатын алсаң дардай,
Ұл туады – нардай:

Ілмектер: ұл, қатын, әйел, қырғыз мақалы

Жақсы болса қатының,
Тасылмайды ақылың.

Ілмектер: қатын, қырғыз мақалы

Біреудің қатыны біреуге қыз көрінер.

Ілмектер: қатын, қыз, қырғыз мақалы

Көшкеннен отын қалады,
Өшкеннен қатын қалады.

Ілмектер: көшу, отын, қатын, қырғыз мақалы

Қатын алғанша, отын ал.

Ілмектер: қатын, отын, қырғыз мақалы

Жаман қатын терісін жимайды да,
Жегізіп алып итті қинайды.

Ілмектер: жаман, қатын, ит, Әдеп, әйел

Қапияда қатын ақыл табады.

Ілмектер: қатын, ақыл, отбасы

Қатыны жақсының –
Байы да батыр.

Ілмектер: жақсы, қатын, қырғыз мақалы

Қатыны ерге қарайды,
Ері жерге қарайды.

Ілмектер: ер, қатын