Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (6) Өлеңдер (10) Мақал-мәтелдер (50) Ұлағатты сөздер (13)

Қобызшы қобызшыны көрсе, қолы қалтырайды.

Ілмектер: қобыз, қобызшы, қол, қырғыз мақалы

Қолы қимылдағынның,
Аузы қимылдайды.

Ілмектер: қимыл, қол, ауыз

Аяғы сынған жатып семіреді,
Қолы сынған жүріп семіреді.

Ілмектер: денсаулық, сынық, аяқ, қол, семіру

Алланың алдында арамтамақтың қолы дірілдейді.

Ілмектер: Алла, арамтамақ, қол, дірілдеу

Алтынның қолда барда қадірі жоқ.

Ілмектер: алтын, қадір, қол

Алыс-беріс қолынан,
Шығарып қояр жолынан.

Ілмектер: жол, қол

Берсе, қолынан,
Бермесе, жолынан.

Ілмектер: жомарттық, қол, жол

Өнерлінің қолы алтын,
Өлеңшінің сөзі алтын.

Ілмектер: өнер, қол, алтын, өлеңші, сөз

Әркімнің өз қолы өзіне қарай бүкір.

Ілмектер: қол

Қолы ашықтың — жолы ашық.

Ілмектер: қол, жол, Қолы ашық, жолы ашық, Мақал-мәтел, Сәттілік, Бақ, жол болу