Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (83) Өлеңдер (166) Жоспарлар (2) Мақал-мәтелдер (114) Ұлағатты сөздер (45) Әзіл, анекдоттар (6)

Қыз құшпаған ер арманда,
Қызғалдақ жемеген қозы арманда.

Ілмектер: ер, қыз, арман

Пұлыңды берсең, нарға бер,
Жолында жүк қалдырмас.
Қызыңды берсең ерге бер,
Жолдасын жауға алдырмас.

Ілмектер: ер, қыз

Арсыз болса — қыз қорлық,
Ақылсыз болса — ұл қорлық.

Ілмектер: ар, ақыл, қыз, ұл

Қыз мінезді келсін,
Ұл өнерлі келсін.



Ілмектер: қыз, ұл, өнер, мінез

Ұлың өссе – ұлы жақсымен жақын бол, қызың өссе қызы жақсымен сыйлас бол.

Ілмектер: ұл, қыз, жақсы, сыйластық, жақындық

Атаға қыз қонақ.

Ілмектер: ата, қыз, қонақ

Қыз - жат жұрттық.

Ілмектер: қыз, жат, жұрт

Қызым саған айтам, келінім сен тыңда.

Ілмектер: қыз, келін

Судың түбін шым бекітер,
Даудың түбін қыз бекітер.

Ілмектер: су, дау, қыз

Төркін десе қыз төзбейді,
Көкпек десе түйе төзбейді.

Ілмектер: төркін, қыз, түйе, отбасы, туыс, жанұя

Ұлың өссе, ұлы жақсы мен ауылдас бол
Қызың өссе,қызы жақсымен ауылдас бол.

Ілмектер: ұл, қыз, отбасы, туыс, жанұя

Келінің жаман болса, ұлыңнан көр.
Күйеуің жаман болса, қызыңнан көр.

Ілмектер: келін, күйеу, ұл, қыз, отбасы, туыс, жанұя

Аш кісі май таңдамас,
Кәрі қыз бай таңдамас.

Ілмектер: аш, кісі, бай, май, қыз, кәрі қыз

Ұл - түтінге,
Қыз - күтімге.

Ілмектер: ұл, қыз, түтін, күтім

Жібекті ұстай алмаған жүн қылады,
Қызды асырай алмаған күң қылады.

Ілмектер: жібек, күң, қыз, асырау

Қыздың ерлігі қырғында білінді,
Әйел демей алдына жауы жүгінді.

Ілмектер: қыз, әйел, соғыс, жау

Менің қызым –
Әрі қызығым,
Әрі шыжығым.

Ілмектер: қыз, ауған мақалы, ауған елінің мақалы

Түн қаншама қараңғы болса да,
Анасынан қызын ажыратуға болады.

Ілмектер: түн, қараңғы, ана, қыз, ауған елінің мақалы, ауған мақалы

Қызбен күреспе,
Қысырмен жарыспа.

Ілмектер: қыз, күрес, жарыс, қысыр

Анасын көр де,
Қызын ал.

Ілмектер: ана, қыз