Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (83) Өлеңдер (166) Жоспарлар (2) Мақал-мәтелдер (114) Ұлағатты сөздер (45) Әзіл, анекдоттар (6)

Қызды үй қылықты үй.

Ілмектер: қыз, қырғыз, үй, қылық

Түшкірген қыз түксиген қыздың бетін тырнапты.

Ілмектер: түшкіру, қыз, қырғыз мақалы

Кәрі қызға таң ұзақ.

Ілмектер: кәрі, қыз, таң, қырғыз мақалы

Аттың сыры иесіне мәлім,
Қыздың сыры төркініне мәлім.

Ілмектер: қыз, төркін, сыр, қырғыз мақалы

Күйеуге бармай қыз тыншымайды.

Ілмектер: күйеу, қыз, қырғыз мақалы

Ауру қыз сау қыздың бетін тырнайды.

Ілмектер: ауру, қыз, қырғыз мақалы

Асыққан қыз ерге жетпес,
Ерге жетсе, етек-жеңі жерге жетпес.

Ілмектер: асығу, ер, қыз

Біреудің қатыны біреуге қыз көрінер.

Ілмектер: қатын, қыз, қырғыз мақалы

Қыңыр қызға күбір сөз ілескіш.

Ілмектер: қыз, сөз, қыңыр, қырғыз мақалы

Қымызды кім ішейін демесін,
Қызды кім құшайын демесін!

Ілмектер: қымыз, қыз, қырғыз мақалы

Біреудің тауығын жесең –
Қаз байла.
Малын жесең –
Қыз сайла.

Ілмектер: тауық, қаз, қыз

Қымызды үйде – аяқшы,
Қызды үйде – тияқшы.

Ілмектер: қымыз, қыз, үй, қырғыз мақалы

Ағасын көріп, іні өседі,
Апасын көріп, қыз өседі.

Ілмектер: аға, іні, қыз, тәрбие, Туыстық қатынастар

Ұлдың жаманы – ұйғақ,
Қыздың жаманы – қаңбақ.

Ілмектер: қыз, ұл, жаман

Ұлдың ұяты – әкеге, қыздың ұяты – шешеге.

Ілмектер: ұл, қыз, әке, шеше, ұят

Қыз қылығымен.

Ілмектер: қыз

Ұл баланың
Үй күшік болғаны жараспайды,
Қыз баланың
Қыдырма болғаны жараспайды.

Ілмектер: ұл, қыз, бала

Әкесіне тартып ұл тумас,
Шешесіне қарап қыз тумас.

Ілмектер: әке, ұл, қыз, шеше

Ac таңдасаң, аяғына қара,
Қыз таңдасаң, шешесіне қара.

Ілмектер: ас, шеше, қыз, таңдау, ыдыс

Ақша болса, қыз табылар.

Ілмектер: ақша, қыз