Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (83) Өлеңдер (167) Жоспарлар (2) Мақал-мәтелдер (114) Ұлағатты сөздер (45) Әзіл, анекдоттар (6)

Алыс болса да жол жақсы,
Соқыр болса да қыз жақсы.

Ілмектер: алыс, жол, соқыр, қыз

Ата тұрып сөйлеген баладан без,
Ана тұрып сөйлеген қыздан без.

Ілмектер: ата, ана, бала, тәрбие, қыз, сөйлеу, әдеп

Атаға тартып ұл тумас,
Анаға тартып қыз тумас.

Ілмектер: ата, ана, ұл, қыз

Атасы ащы алма жесе, ұлының тісін қамар,
Атасы мен анасы ащы алма жесе, ұлы мен қызының тісін қамар.

Ілмектер: ата, алма, ащы, қыз, ана, ұл

Атқа бермес құнан бар,
Қызға бермес жуан бар.

Ілмектер: ат, қыз, жуан, құнан

Әдептік ерге керек,
Екінші қызға керек.

Ілмектер: әдеп, ер, қыз

Әке ұрған ұл оңар,
Шеше ұрған қыз оңбас.

Ілмектер: әке, шеше, ұл, қыз, ұру

Бұрынғының қыздары
Қырмызы қызыл жібектей.
Ендігінің қыздары
Түбі түскен шелектей.

Ілмектер: қыз, шелек

Өзі болған қыз
Төркінін танымас.

Ілмектер: қыз, төркін

Дәулет келерінде тойға келген қыздай,
Кетерінде қолға ұстаған мұздай.

Ілмектер: дәулет, той, қыз, мұз

Күйеу келсе қыз тұрмас,
Бесін келсе күн тұрмас.

Ілмектер: күйеу, қыз, бесін, күн

Қызы мінезід келсін,
Ұлы өнерлі келсін.

Ілмектер: ұл, қыз, өнер, мінез