Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақал-мәтелдер (26)

Сезікті секемшіл.

Ілмектер: қырағылық, сақтық

Етікшіге жолама - бізі тиер көзіңе, сөзі тиер өзіңе.

Ілмектер: етікші, біз, сөз, қырағылық, сақтық

Ақырын жүрсең — малаяқ,
Қатты жүрсең - қу аяқ.

Ілмектер: жүру, сақтық, қырағылық

Сол көзіңе, оң көзің қарауыл босын.

Ілмектер: көз, сақтық, қырағылық

Саяқ жүрсең сақтан.

Ілмектер: сақтық, қырағылық

Сауысқаннан сақ бол.

Ілмектер: сақтық, қырағылық, сауысқан, құс

Қарап жатқан жыланның құйрығын баспа.

Ілмектер: жылан, сақтық, қырағылық

Аузың толған қан болса да,
Дұшпанның алдына төкпе.

Ілмектер: ауыз, дұшпан, қан, сақтық, қырағылық

Аспанға қарай оқ атпа,
Өзіңнің түсер басыңа.

Ілмектер: аспан, оқ, сақтық, қырағылық

Ежелгі жауда елдік жоқ.

Ілмектер: жау, сақтық, қырағылық

Жау қайда деме, жар астында,
Бөрі қайда деме, бөрік астында.

Ілмектер: жау, сақтық, бөрі, қырағылық, жер

Жау құтырса, шаңырағыңа қобыз тартар.

Ілмектер: жау, шаңырақ, қобыз, сақтық, қырағылық

Дұшпан күле кіріп,
Күңірене шығар.

Ілмектер: дұшпан, сақтық, қырағылық

Қастағы сояу көзді аңдиды.

Ілмектер: көз, сақтық, қырағылық

Кек түбі — ойран.

Ілмектер: кек, сақтық, қырағылық

Жыланның өзі өлсе де,
Құйрығы өлмейді.

Ілмектер: жылан, сақтық, қырағылық

Көп жорытқан жылан, аяғын көрсетер.

Ілмектер: жылан, аяқ, сақтық, қырағылық

Көп жорытқан ит, күшәлаға жолығады.

Ілмектер: ит, сақтық, қырағылық

Алыстағы жаудан, аяқ астындағы дұшпан жаман.

Ілмектер: жау, дұшпан, сақтық, қырағылық

Алысқан жауға арқанды көрсетпе.

Ілмектер: жау, сақтық, қырағылық