Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (1) Өлеңдер (3) Мақал-мәтелдер (29) Ұлағатты сөздер (38)

Алланың берейін деген құлына
Онан-мұнан құралар.
Бермейін деген құлының
Жалғыз атын ұры алар.

Ілмектер: Алла, құл, ұры, жалғыз, ат

Ат жүрісінен пұл болады,
Жаман жүрісінен құл болады.

Ілмектер: ат, жүріс, пұл, құл, жаман

Әркім сыйлағанның құлы.

Ілмектер: сый, құрмет, құл

Бәрің бірдей қойшы болма,
Құл боларсың.
Бәрің бірдей тойшы болма,
Қу боларсың.

Ілмектер: қойшы, құл, той, қу

Бек қайда барса, құлы сонда.

Ілмектер: бек, құл

Берейін деген құлына,
Айдап салар жолына.
Бермейін деген құлына,
Іздесе табылмас пұлына.

Ілмектер: құл, жол, Сәттілік, пұл

Бүркіт қартайса, тышқаншы болады.
Құл құтырса, құдыққа қармақ салады.

Ілмектер: бүркіт, қарттық, тышқан, құл, құдық, қармақ

Құданы алу болғанша құл, би екенін сұрас,
Құда болып қалған соң құл да болса сыйлас.

Ілмектер: құда, құл, сыйластық

Би жоқта құл жүреді жораға,
Ит жоқта шошқа үреді қорада.

Ілмектер: би, құл, ит, шошқа