Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (6) Өлеңдер (10) Мақал-мәтелдер (85) Ұлағатты сөздер (56)

Жорғалымен жолдас болма, жолда қаларсың.

Ілмектер: жол, жолдас, ұят

Көрпеңе қарап көсіл.

Ілмектер: көрпе, ұят, ынсап, пейіл

Үйіңе келгенге, үйдей өкпенді айтпа.

Ілмектер: үй, өкпе, пейіл, ынсап, ұят

Қарақұрт жеп қой семіреді,
Қансоқта жеп ит семіреді,
Пара жеп би семіреді.

Ілмектер: ұят, ұрлық, ынсап, пейіл, қй, пара, ит, семіру

Жеген аз, жегізген көп.

Ілмектер: пейіл, ынсап, ұят

Етігі жаман төрге шыға алмас,
Жеңі жаман ас іше алмас.

Ілмектер: етік, жең, пейіл, ұят, ас, төр, ынсап

Өзі тойса да, көзі тоймайды.

Ілмектер: ашқарақтық, ұят, пейіл, ынсап

Бет көрсе, жүз ұялады.

Ілмектер: бет, жүз, ұят

Бермегенді беріп ұялт.

Ілмектер: беру, ұят, ұялту

Көрмесе жат, көріспесе ұят.

Ілмектер: жат, туыс, ұят

Тусаң ту, өнер қу,
Басыңа ұят бос қалу.

Ілмектер: ұят, өнер

Халықтан ұял, құдайдан қорық.

Ілмектер: халық, ұят, қорқу, өмір, орта, тұрмыс, тірлік, қоғамдық құбылыстар

Ұятсыз қатын тұзсыз ас секілді.

Ілмектер: ұят, тұз, өмір, орта, тұрмыс, тірлік, қоғамдық құбылыстар

Қонғанша қонақ ұялады,
Қонғаннан соң үй иесі ұялады.

Ілмектер: қонақ, үй, ұят

Ұялған – қай кезде сый алған.

Ілмектер: ұят, ұялу, сый, парсы мақалы

Жаман жігіт
Жолдасын жауға алғызар,
Өзін ұятқа қалғызар.

Ілмектер: жігіт, жолдас, жау, ұят

Білмегенді сұраудың ұяты жоқ.

Ілмектер: сұрау, ұят

Ұрымен жақын болсаң,
Ұятқа қаларсың,
Бөрiмен жақын болсаң,
Қораға шабарың.

Ілмектер: ұры, ұят, бөрі қора

Ынсап, ұят, терең ой -
Асыл зейнет біліп қой.

Ілмектер: ынсап, ұят, ой, зейнет Абай Құнанбайұлы

Ашық құмыраны көргенде,
Мысыққа ұят не керек.

Ілмектер: мысық, құмыра, ұят, парсы мақалы