Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (64) Өлеңдер (51) Мақал-мәтелдер (106) Ұлағатты сөздер (132) Әзіл, анекдоттар (7)

Әйелдің шашы ұзын, ақылы қысқа.

Ілмектер: әйел, шаш, ақыл

Әйелдің күші жоқ, айласы көп.

Ілмектер: әйел, айла, күш

Екі әйел басы қосылса,
Үшінші әйелдің соры.

Ілмектер: әйел, сор

Әйел ашуланса, екі көзіне әлі келеді.

Ілмектер: әйел, ашу

Заман бұзыларда әуелі әйел бұзылады.

Ілмектер: заман, әйел

Әйелі азған елдің ертеңі жоқ.

Ілмектер: әйел, ел

Жаман қатын өлсе, төсек жаңғырады,
Жақсы қатын өлсе, бас қаңғырады.

Ілмектер: жақсы, жаман, әйел, қатын

Ері өліп ерге тисе – елдің жорасы,
Ері тұрып ерге тисе – беттің қарасы.

Ілмектер: ер, әйел

Әйелдің абыройы – дақ түспеген ары.

Ілмектер: әйел, абырой

Ұятсыз әйел тұзсыз ас секілді.

Ілмектер: әйел, ұят, ас, тұз

Ерін баққан әйел елін де бағады.

Ілмектер: ер, әйел

Жақсы әйел – жарты иманың.

Ілмектер: әйел, иман

Жаман әйел төсегінен белгілі,
Жаман жігіт есебінен белгілі.

Ілмектер: әйел, жігіт

Қос әйелді үйдің шаңы тізеден.

Ілмектер: әйел, шаң, парсы мақалы

Жесір әйелдің екі өгізіндей:
Бірі табылса, бірі жоғалады.

Ілмектер: жесір, әйел, жоғалу, өгіз, ауған елінің мақалы, ауған мақалы

Күйеуге асыққан әйел байға жарымас,
Күйгелек еркек үйге жарымас.

Ілмектер: күйеу, асығу, әйел, үй

Байы мешкей болса, үйге тартады,
Әйелі мешкей болса, үйді құртады.

Ілмектер: мешкей, үй, әйел, ер, қырғыз мақалы

Қайғылы әйел қара жамылғыш.

Ілмектер: қайғы, әйел, қырғыз мақалы, қара

Ері өліп, ерге тигенді сынама,
Ері тұрып, ерге тигенді қарала.

Ілмектер: ер, әйел, Туыстық қатынастар, сынау

Қатын алсаң дардай,
Ұл туады – нардай:

Ілмектер: ұл, қатын, әйел, қырғыз мақалы