Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (17) Өлеңдер (5) Мақал-мәтелдер (28) Ұлағатты сөздер (3) Әзіл, анекдоттар (2)

Құтырған әкім
Құдыққа түкіреді.

Ілмектер: әкім, құтырған

Надан «ғалыммен» жақын болсаң басың қатады,
Ақымақ әкіммен жақын болсаң басың кетеді,
Ұстамен жақын болсаң ісің бітеді.

Ілмектер: надан, ғалым, білім, ілім, ақымақ, әкім, ұста, өнер

Әкімменен араз болсаң күнің жаман,
Молдаменен араз болсаң дінің жаман.

Ілмектер: әкім, араздық, өмір, орта, тұрмыс, тірлік, қоғамдық құбылыстар

Әкім адал болмаса жұрт бұзылар,
Сауда адал болмаса нарық бұзалар.

Ілмектер: әділ, сауда, әкім, адал

Әдепсіз үйге кірме, әкімсіз елде тұрма.

Ілмектер: әдеп, әкім, ел, өмір, орта, тұрмыс, тірлік, қоғамдық құбылыстар

Ақымақ әкімнің айналасында жарамсақтар отырады,
Ақылды әкімнің айналасында ақылды адамдар отырады.

Ілмектер: ақымақ, ақылды, әкім, айнала, жарамсақ, адам, отыру

Арық малға суық өш,
Даулы кісіге әкім өш.

Ілмектер: арық, мал, дау, әкім, өш

Әкім ақылды, дана болса, төңірекке бас болар.
Ақымақ жауыз болса, төңірекке қас болар.

Ілмектер: әкім, дана, төңірек, ақымақ, жауыз, қас

Әкім болған көп тұрмас.

Ілмектер: әкім

Әкім болсаң, қызметші ал,
Ол — сенің аяғың, аяғыңның айыбына көз боп жүр.

Ілмектер: әкім, қызметші, айып

Әкім көп беріп, аз алатын болсын.

Ілмектер: әкім, аз, көп

Әкім өзгерсе де, әдет өзгермейді.

Ілмектер: әкім, әдет

Әкім тура болмаса, жұрт бұзылар,
Саудагер жаман болса, нарық бұзылар.

Ілмектер: әкім, жұрт, саудагер, нарық

Әкімдерден ғадалет тайса,
Елдің пейілі тарқайды.

Ілмектер: әкім, ел, пейіл

Әкімдердің ашуынан сақтан.

Ілмектер: әкім, ашу

Әкімнің ақысы болса,
Қараның қақысы бар.

Ілмектер: әкім, ақы, қара

Әкімнің достығына сеніп болмайды.

Ілмектер: әкім, достық

Әкімнің көңілінде болғанша,
Көзінде бол.

Ілмектер: әкім, көңіл, көз

Әкімнің мойны қылшадай, басы таудай.

Ілмектер: әкім, тау, бас

Әкімшіліктен де гөрі әділет қымбат.

Ілмектер: әкім, әділет, қымбат