Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (14) Өлеңдер (5) Жоспарлар (4) Мақал-мәтелдер (192) Ұлағатты сөздер (11)

Атпаз көрген ат таныр,
Ұстаз көрген хат таныр.

Ілмектер: тәрбие, өнеге

Өзін өзі мақтаған —
Өлімнің қара басы.

Ілмектер: мақтау, тәрбие, өнеге

Көре тұра айтпасаң,
Көргенсіз дер,
Біле тұра айтпасаң,
Жетесіз дер.

Ілмектер: тәрбие, өнеге

Ұялған тек тұрмас.

Ілмектер: ұят, тәрбие, өнеге

Жасыңда қалжың болсаң,
Өскенде мылжың боларсың.

Ілмектер: тәрбие, өнеге

Алмақтың да салмағы бар.

Ілмектер: тәрбие, өнеге

Бәлелі жерді баспа,
Басыңа түссе, саспа.

Ілмектер: тәрбие, өнеге

Ашу — дұшпан, ақыл — дос,
Ақылыңа ақыл қос.

Ілмектер: ашу, ақыл, тәрбие, өнеге

Талап — талмас қанат.

Ілмектер: талап, тәрбие, өнеге

Есік көргенді алма,
Бесік көргенді ал.

Ілмектер: тәрбие, өнеге

Жаны сұлудың
Тәні сұлу.

Ілмектер: тәрбие, өнеге

Ақымақтың ала-құласы болмайды.

Ілмектер: ақымақ, тәрбие, өнеге

Опаға барған — ағарар,
Жосаға барған — қызарар.

Ілмектер: тәрбие, өнеге

Еркенің көзі жасты,
Етегін бұзау басты.

Ілмектер: тәрбие, өнеге

Қарыстан сүйем жуық.

Ілмектер: тәрбие, өнеге

Жарылғанды жау алады,
Бүлінгенді бөрі жейді.

Ілмектер: тәрбие, өнеге

Кемеңгерден кеңес шығар,
Кер кеткеннен кейіс шығар.

Ілмектер: тәрбие, өнеге

Есерден ерке жаман.

Ілмектер: ерке, тәрбие, өнеге

Үміттің оты сөнбейді.

Ілмектер: үміт, тәрбие, өнеге

Мың асуға — бір тосу.

Ілмектер: тәрбие, өнеге