Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (14) Өлеңдер (5) Жоспарлар (4) Мақал-мәтелдер (192) Ұлағатты сөздер (11)

Күш білекте емес, жүректе.

Ілмектер: күш, тәрбие, өнеге

Алғыс алған жігіттің
Аты бәйгеден келеді.

Ілмектер: жігіт, тәрбие, өнеге

Көз көрмей, көңіл сенбейді.

Ілмектер: көңіл, тәрбие, өнеге

Сол көзің оң көзіңе қарауыл болсын.

Ілмектер: тәрбие, өнеге

Өтірік — қаңбақ, шын — салмақ.

Ілмектер: өтірік, шын, тәрбие, өнеге

Қолмен істегенді
Мойынымен көтереді.

Ілмектер: тәрбие, өнеге

Құтырғаннан
Құтылғанның өзі олжа.

Ілмектер: тәрбие, өнеге

Епетейсіз асыққан
Етегіне сүрінер.

Ілмектер: тәрбие, өнеге

Айды етегіңмен жаба алмассың.

Ілмектер: тәрбие, өнеге

Аш ақылмен тоқ болмайды.

Ілмектер: ақыл, тәрбие, өнеге

Арзанға келген ардақталмайды.

Ілмектер: тәрбие, өнеге

Жаураған үйде қалған тонын мақтайды,
Адасқан жоғалтып алған жолын мақтайды.

Ілмектер: тәрбие, мақтау, өнеге

Епсіз бір асағанша
Епті екі асайды.

Ілмектер: тәрбие, өнеге

Құтырған ит иесін қабады,
Құтырған торғай бүркітке шабады.

Ілмектер: тәрбие, өнеге

Жақсының қолы ұзын,
Жақсылықтың жолы ұзын.

Ілмектер: тәрбие, өнеге

Талабы жоқ жас —
Қанаты жоқ құс.

Ілмектер: талап, тәрбие, өнеге

Алып — алтау болмас,
Жеп — жетеу болмас.

Ілмектер: тәрбие, өнеге

Кебекті үрме, көзіңе түсер.

Ілмектер: тәрбие, өнеге

Саны бар, сапасы жоқ.

Ілмектер: сапа, тәрбие, өнеге

Тар киім тез тозады.

Ілмектер: киім, өнеге