Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (36) Өлеңдер (17) Мақал-мәтелдер (175) Ұлағатты сөздер (106) Әзіл, анекдоттар (1)

Алтын ерің атқа тисе,
Алтынын ал да отқа жақ.

Ілмектер: алтын, өнер, қол өнері

Болар іс болды,
Бояуы сіңді.

Ілмектер: іс, өнер

Өз үйінде ою оймаған,
Кісі үйінде сызу сызады.

Ілмектер: өнер, қол өнері

Керек тастың ауырлығы жоқ.

Ілмектер: тас, керек, өнер

Қазаншының еркі өзінде,
Қайдан құлақ шығарса.

Ілмектер: қол өнері, өнер

Жалғаймын деп үзіп алма,
Түзеймін деп бұзып алма.

Ілмектер: қол өнері, өнер

Сұлуынан жылуы.

Ілмектер: қол өнері, өнер

Олақтан салақ жаман.

Ілмектер: олақ, салақ, өнер

Жаман етікші біз таңдайды,
Жаман жігіт қыз таңдайды.

Ілмектер: жаман, жігіт, қыз, қол өнері, өнер

Темірші көміршіге үйір.

Ілмектер: қол өнері, өнер

Жаман ұста жанынан.

Ілмектер: қол өнері, өнер, ұста

Жұмыстың көзін тап,
Қисықтың ізін тап.

Ілмектер: жұмыс, қол өнері, өнер

Өнер көзі — халықта.

Ілмектер: өнер, халық, қол өнері

Тігіншіні инесі асырайды.

Ілмектер: қол өнері, өнер

Өнерлінің үйі басында,
Үскенесі қасында.

Ілмектер: өнер, қол өнері

Жантақтан ине,
Жаңқадан түйме жасаған.

Ілмектер: қол өнері, өнер

Шебердің инесі де,
Күймесі де — алтын.

Ілмектер: қол өнері, өнер

Жолаушыны жол асырайды,
Өнерпазды қолы асырайды

Ілмектер: қол өнері, өнер

Ата өнері — балаға мұра.

Ілмектер: ата, өнер, мұра, қол өнері

Ата кәсібі — бала нәсібі.

Ілмектер: ата, қол өнері, өнер