Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (36) Өлеңдер (17) Мақал-мәтелдер (175) Ұлағатты сөздер (106) Әзіл, анекдоттар (1)

Ілім іштегі нұр,
Өнер сыртқа салынған түр.

Ілмектер: ілім, білім, өнер

Шеберден олжа,
Шешеннен сауға.

Ілмектер: шебер, шешен, өнер

Өнерлі тырнағымен қазық ұштайды.

Ілмектер: өнер, қырғыз мақалы

Білім таппай мақтанба,
Өнер таппай баптанба.

Ілмектер: өнер, білім

Бояушы, бояушы дегенге,
Сақалын бояр.

Ілмектер: өнер, қол өнері

Ұста пышаққа жарымас,
Етікші етікке жарымас.

Ілмектер: ұста, пышақ, етік, етікші, өнер

Өнерлінің өзегі талмас.

Ілмектер: өнер

Өнер - қанат, білім - санат.

Ілмектер: өнер, білім, санат

Асыл тастан шығар,
Өнер жастан шығар.

Ілмектер: асыл, тас, өнер

Қолы білген құм үстінен кеме жүргізер.

Ілмектер: өнер, шебер

Өнерді үйрен де жирен.

Ілмектер: өнер

Өнер — ағып жатқан бұлақ,
Ғылым — жанып тұрған шырақ.

Ілмектер: өнер, ғылым

Ақылды ер адамнан айып іздемейді,
Өнер іздейді.

Ілмектер: өнер, ақыл, адам, ер, айып, іздеу

Киім пішсең кең піш,
Ісің бітеді.

Ілмектер: киім, пішу, іс, өнер

Балаларға өнер білім берілсін,
Сұлу мінез әр өнермен өрілсін.

Ілмектер: бала, өнер, мінез, сұлу

Қыз еркем кестесімен көркем,
Ұл еркем өнерімен көркем.

Ілмектер: өнер, шеберлік

Өз үйіңде ою оймаған,
Кісі үйінде сызу сызады.

Ілмектер: ою, сызу, өнер

Өнерлі бала елдің көркі,
Үкілі қамыс көлдің көркі.

Ілмектер: өнер, қол өнері

Орман аралаған үйші болар,
Қобыз сыралаған күйші болар.

Ілмектер: қол өнері, өнер

Жақсы жер — жан тынысы.
Жақсы өнер — жігіт ырысы.

Ілмектер: жер, өнер, жігіт