Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (22) Өлеңдер (15) Мақал-мәтелдер (48) Ұлағатты сөздер (58)

Әуелгі сөзің рас болса,
Соңғы сөзіңнің өтуіне жақсы.

Ілмектер: өтірік, шындық, сөз

Әкеңнің өлгенін жасырсаң, көмгенде қайтесің?

Ілмектер: шындық, өтірік, әке, өлім

Өтірік өрге баспайды.

Ілмектер: өтірік

Өтірікшінің жаны күйер,
Ұрлықшының малы күйер.

Ілмектер: өтірік, өтірікші, ұрлықшы, жан, мал

Сөздің өтірігіне нанба,
Қисынына нан.

Ілмектер: сөз, өтірік

Өтірік айтқаннан өлген артық.

Ілмектер: өтірік

Өтірік - ұят, шын — мұят.

Ілмектер: өтірік, ұят, шын, шындық

Өтірік - қаңбақ, шын — салмақ.

Ілмектер: өтірік, шын, шындық

Өтірік екеу, шын төртеу.

Ілмектер: өтірік, шын, шындық

Досыңа өтірік айтпа,
Дұшпаныңа сырыңды айтпа.

Ілмектер: дос, сыр, достық, дұшпан, өтірік

Өтірік те, шын да ауыздан шығады: айырмасы айтылуында емес, мағынасында.

Ілмектер: өтірік, мағына, шын, шындық

Өтірік айтып пайда тапсаң, ақырында залал табарсың,
Рас айтып, залал тапсаң, ақырында пайда табарсың.

Ілмектер: өтірік, рас, шындық, пайда, залал

Өтіріктің де шындайы бар.

Ілмектер: өтірік, шындық

Өтірікшінің жады қысқа.

Ілмектер: өтірік, өтірікші, парсы мақалы

Шындықтан өтірікке дейін төрт-ақ елі.

Ілмектер: шындық, өтірік, парсы мақалы

Өтірікпен өткелден өте алмайсың.

Ілмектер: өтірік, ауған елінің мақалы, ауған мақалы

Жалған айтуға да жалпақ бет керек.

Ілмектер: жалған, өтірік, бет

Өтірікті шындай айтса,
Шындық шырқырап шығады.

Ілмектер: өтірік, шындық, қырғыз мақалы

Өтірігіңді ашты –
Сенімің қашты.

Ілмектер: өтірік, сенім, қырғыз мақалы

Өтірікті де ебін тапқан айтады.

Ілмектер: өтірік