Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (49) Өлеңдер (180) Жоспарлар (6) Мақал-мәтелдер (7) Ұлағатты сөздер (51) Әзіл, анекдоттар (1)

Той — ақындікі,
Көкпар — батырдікі!

Ілмектер: той, ақын, сөз, тіл

Ақынның хаты өлмейді,
Батырдың аты өлмейді.

Ілмектер: ақын, батыр, сөз, тіл

Қылышынан қан тамған батырды,
Тілінен бал тамған ақын алады.

Ілмектер: батыр, тіл, ақын

Ақын — ұлттың жүрегі,
Шешен — көптің тірегі,
Батыр — көптің білегі.

Ілмектер: сөз, сөз өнері, тіл, ақын, батыр, шешен

Ақынның тілі қылыштан өткір,
Қылдан нәзік.

Ілмектер: ақын, сөз, тіл

Ат аяғы ақсауық,
Ақын тілі қақсауық.

Ілмектер: ат, аяқ, ақын, тіл

Батырлығың не керек?
Байсалдылық болмаса,
Ақындығың не керек?
Айтарлығың болмаса.

Ілмектер: батыр, ақын