Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (3) Өлеңдер (2) Жоспарлар (4) Мақал-мәтелдер (17) Ұлағатты сөздер (6)

Жақсы қонақ - құт, береке.

Ілмектер: құт, қонақ, береке, жақсы

Бабын тапсаң — байлық жерде.
Береке, салтанат елде.

Ілмектер: жер, береке, егіншілік

Барға — береке.

Ілмектер: береке

Бірліксіз істе береке жоқ.

Ілмектер: береке, ынтымақ

Берекелі елдің
Бетін ешкім қақпайды.
Берекелі жердің
Жыланы да шақпайды.

Ілмектер: береке, ел, жұрт

Елдің іші —береке,
Көптің іші — мереке.

Ілмектер: ел, береке

Балық іздесең, көлге бар,
Береке іздесең, елге бар.

Ілмектер: ел, береке

Ел жүрген жер — береке,
Ер жүрген жер — мереке.

Ілмектер: ел, ер, береке

Көп ісінде береке.

Ілмектер: ел, халық, береке

Қайраты бар кісінің, берекеті бар ісінің,
Қайраты жоқ кісінің, берекеті жоқ ісінің.

Ілмектер: қайрат, береке, іс, еңбек

Бұлт қайда орнаса,
Береке сонда шөгеді.

Ілмектер: береке, бұлт

Көпшіліктен береке кетпес.
Берекелі жерден мереке кетпес.

Ілмектер: береке, мереке, халық, ел

Берекесіздің ауылы - мерекесіз.

Ілмектер: береке, мереке, ауыл

Еңбексіз береке жоқ,
Еңбекте мереке көп.

Ілмектер: еңбек, береке, мереке, ауған елінің мақалы, ауған мақалы

Еңбек түбі - береке.

Ілмектер: еңбек, береке

Алынар ақша кешіксе,
Алатын адамның берекесі кетеді.

Ілмектер: ақша, береке, адам

Бәле әкелер рас сөзден жырақта,
Берекелі жалған сөзге тұрақта.

Ілмектер: бәле, жалған, сөз, береке