Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (17) Өлеңдер (17) Жоспарлар (20) Мақал-мәтелдер (18) Ұлағатты сөздер (23)

Тойлы ауылда тойлап тоймаған,
Ойнап тояды.

Ілмектер: той, ауыл, ойын

Ойыннан от шығар.

Ілмектер: ойын

Ойын түбі — от,
Тұман түбі — жұт.

Ілмектер: ойын, жұт

Ойын сөзге шын төре.

Ілмектер: ойын, сөз, шын

Ой түбі оймақ,
Ойын түбі ойран.

Ілмектер: білім, ілім, ойын

Ойын түбі от,
Ой түбі алтын.

Ілмектер: ойын, ой, білім, ілім

Мысыққа ойын керек, тышқанға өлім керек.

Ілмектер: мысық, тышқан, ойын, өлім

Ойнақтаған бала от басар.

Ілмектер: ойын, бала

Ат жаманы тайменен ойнар,
Қатын жаманы байменен ойнар.

Ілмектер: ат, жаман, қатын, ойын

Ойыннан да омыртқа сынады.

Ілмектер: ойын, қырғыз мақалы

Ақылды қазы да кейде аңғал шешім айтады,
Ақылсыз бала да кейде ойнап атып тигізеді.

Ілмектер: ақыл, аңғал, шешім, ақылсыз, ойын, бала

Асық ойнаған — ақтық,
Доп ойнаған — тоқтық.

Ілмектер: ойын, асық, доп

Ұстаздың абыройы болмаса,
Шәкірттері оның сақалымен ойнайды.

Ілмектер: ұстаз, мұғалім, шәкірт, сақал, ойын, абырой

Балалар ойнап жүріп су төгеді,
Қарттар тайып жамбасын сындырады.

Ілмектер: бала, ойын, қарт, жамбас, сынық, су

Ойыннан от шығады.

Ілмектер: ойын, от

Ойна, бiрақ жұмысты да ойла!

Ілмектер: ойын, жұмыс

Отпен ойнама - күйерсің,
Құйынмен ойнама - шаршарсың.

Ілмектер: от, құйын, өмір, орта, тұрмыс, тірлік, қоғамдық құбылыстар, ойын

Итпен ойнасаң — үрерсің,
Баламен ойнасаң — күлерсің.

Ілмектер: ит, ойын, бала, күлкі