Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (59) Өлеңдер (12) Мақал-мәтелдер (11) Ұлағатты сөздер (12) Әзіл, анекдоттар (1)

Тақ үшін соғысқан патшаға емес, жер үшін соғысқан патшаға қызмет етіңдер

Ілмектер: патша, тақ, қырғыз мақалы

Балалық шағы — патшаның тағы.

Ілмектер: адам, өмір, патша, балалық шақ

Халық - кеуде, патша - бас.

Ілмектер: халық, патша, өмір, орта, тұрмыс, тірлік, қоғамдық құбылыстар

Патшаң соқыр болса бір көзіңді қысып өт.

Ілмектер: патша, соқыр, көз

Патша залым болса жұрт тозады,
Патша алым болса жұрт озады.

Ілмектер: патша, залым, алым

Бақа көлінде патша,
Балық суында патша,
Жігіт елінде патша.

Ілмектер: бақа, балық, патша

Әділ патшаның әскері халықтан құралады.

Ілмектер: әділ, патша, әскер, халық

Бағынбаған патшаның басы кетеді.

Ілмектер: бағыну, бас, патша

Батыр болып, бай болсаң,
Патшадан нең кем?
Жарлы болып, бек болсаң,
Келекеден нең кем?

Ілмектер: батыр, бай, патша, кемшілік, жарлы, кедей, бек, келеке

Ай, күн әлемге бірдей,
Патша адамға бірдей.

Ілмектер: ай, күн, патша, әлем

Бөтен елге патша болғанша,
Өз еліңде шопан бол.

Ілмектер: ел, патша, отан, шопан