Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (11) Өлеңдер (31) Мақал-мәтелдер (13) Ұлағатты сөздер (109) Әзіл, анекдоттар (1)

Еліне сенген еңкеймейді.

Ілмектер: ел, сенім

Мұзға сүйенбе, жауға сенбе.

Ілмектер: мұз, жау, сенім

Бостан-босқа қарғанба, саған кісі нанбайтын болар.

Ілмектер: қарғану, сенім

Жолдастарың күзеттегі саған сенеді,
Қырағы қыран көзіне сенеді.

Ілмектер: сенім, жолдас, күзет, соғыс

Ерліктің шарты - өзіне сенгендік.

Ілмектер: ерлік, шарт, сенім

Өтірігіңді ашты –
Сенімің қашты.

Ілмектер: өтірік, сенім, қырғыз мақалы

Айға сенген үсіп өлер,
Байға сенген аштан өлер.

Ілмектер: ай, бай, сенім, аштық, үсу, қырғыз мақалы

Өз-өзіңе әрқашан бекен бол!

Ілмектер: сенім

Бұ дүниеге еш уақытта да сеніп болмайды.

Ілмектер: дүние, уақыт, сенім

Бұ бақытқа сенбе,
Келер, кетер демде.

Ілмектер: бақыт, өткінші, сенім

Бұл дүниеге сеніп болмайды.

Ілмектер: дүние, сенім

Астыңдағы атыңа сенбе,
Қойныңдағы қатыныңа сенбе.

Ілмектер: сенім, өмір, орта, тұрмыс, тірлік, қоғамдық құбылыстар

Судағы қайыққа сенбе (кемеге)
Қойныңдағы қатынға сенбе,
Астыңдағы атыңа сенбе.

Ілмектер: су, қайық, қатын, сенім