Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (211) Өлеңдер (139) Мақал-мәтелдер (11) Ұлағатты сөздер (19)

Біреуге өлім тілегенше
Өзіңе жүрім тіле.

Ілмектер: тілек, өлім

Тінтінген — тілегіне жетеді.

Ілмектер: тілек, адам

Егер біреу жолға шықса,
Аман барып, сау қайтсын.
Шын тілектес досы болса,
Сол тілеуді күнде айтсын.

Ілмектер: жол, дос, тілек

Күнің шуақты болсын,
Көлің суатты болсын,
Қонысың өрісті болсын,
Еккенің жемісті болсын,
Еңбегің келісті болсын.

Ілмектер: су, еңбек, тілек

Отаны бірдің жүрегі бір,
Жүрегі бірдің тілегі бір.

Ілмектер: отан, тілек, жүрек

Атасын құрметтеп тұрған баланың тілеген тілегі қабыл болады.

Ілмектер: ата, бала, тілек

Жүрек тілесе жүрдек аяқ жүгірер.

Ілмектер: жүрек, тілек, аяқ, ауған елінің мақалы, ауған мақалы

Ақылдылық жақсы атқа қалдыруды тілейді.

Ілмектер: ақылдылық, тілек, жақсы

Әркімнің ойлап жүрген бір тілегі бар.

Ілмектер: ой, тілек

Бас пен дене аман болса, тілек кетпейді,
Ер аман болса, тілегіне жетеді.

Ілмектер: бас, дене, денсаулық, тілек, ер, амандық

Бек тілесе,
Бәрін де тегін алады.

Ілмектер: бек, тілек, тегін, басшы