Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (1) Өлеңдер (2) Мақал-мәтелдер (18) Ұлағатты сөздер (18)

Қызыл тіл жанның мияты,
Абырой ердің қуаты.

Ілмектер: абырой, тіл

Абырой қонар жігітке
Ажалды қоян тап келер.

Ілмектер: абырой, тәрбие, жігіт, өнеге

Абырой – ар еңбегі.

Ілмектер: абырой, ар

Атасын сыйлаған абыройға бөленер.

Ілмектер: ата, сый, абырой, тәлім, тағлым, тәрбие

Екі ауру бір келсе, ажалдың жеткені,
Екі борыш бір келсе, абыройдың кеткені.

Ілмектер: ауру, ажал, борыш, абырой

Жақсы досың болса жан аяған жарамас,
Оңбағаны бар болса, абыройға қарамас.

Ілмектер: дос, абырой, оңбаған

Адамгершілік абырой әпереді.

Ілмектер: адамгершілік, абырой

Әйелдің абыройы – дақ түспеген ары.

Ілмектер: әйел, абырой

Абыройыңды жасыңнан сақта.

Ілмектер: абырой

Абыройды ақ отау жапты.

Ілмектер: Атамекен, Ел, Халық, абырой

Арлы болмай, абыройлы болмайсың.

Ілмектер: ар, абырой

Абиырлы жігіттің
Алғашқы ұрлығы ашылсын.

Ілмектер: ұрлық, абырой, жігіт

Адамға тілене беру — ұят:
Тапқан наны көбейгенімен,
Абыройы азады.
Көп тілену — жұмыс емес кәделі,
Нан көбейер, бірақ азар беделі.

Ілмектер: адам, тілену, ұят, абырой, бедел

Ұстаздың абыройы болмаса,
Шәкірттері оның сақалымен ойнайды.

Ілмектер: ұстаз, мұғалім, шәкірт, сақал, ойын, абырой

Әдепті бала өсірсең,
Ауылдың абыройы.
Ақылды жігіт өсірсең,
Атырабыңның абыройы.

Ілмектер: әдеп, бала, жігіт, абырой

Ала жіпті аттамағанңың абыройы биік.

Ілмектер: абырой, жіп, адалдық, адамгершілік, ізгілік, ынтымақ

Еңбек мұратқа жеткізер,
Жалқаулық абыройды кеткізер.

Ілмектер: еңбек, абырой, жалқаулық

Ұят жүрген жерде
Абырой төгілмейді.
Абырой бар жерде
Ар шапаны сөгілмейді.

Ілмектер: ұят, абырой, ар, тәрбие, өнеге