Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Өлеңдер (1) Мақал-мәтелдер (15) Ұлағатты сөздер (10)

Ақ сөз ащы болады,
Ғайбат сөз тәтті болады.

Ілмектер: сөз, тіл, ащы, ғайбат

Бұлттан шыққан күн ащы,
Жаман қатынның тілі ащы.

Ілмектер: жаман, тіл, ащы

Тату болсаң балдай бол,
Ащы болсаң тұздай бол.

Ілмектер: татулық, ащы, бал, тұз

Өз шалабың ащы емес.

Ілмектер: шалап, ащы, парсы мақалы

Ағайын - ащы,
Мал -тұщы.

Ілмектер: ағайын, мал, ащы, тұщы

Жабағының биті ащы,
Жаман кісінің сөзі ащы.

Ілмектер: бит, сөз, жаман, ащы

Барабанның артқан сайын қуысы,
Ащы шығар дауысы.

Ілмектер: барабан, парсы мақалы, ащы, дауыс

Ащы болса да,
Ашық айт.

Ілмектер: ащы, шындық, парсы мақалы

Балдан тәтті болма,
Зәрден ащы болма.

Ілмектер: бал, зәр, ащы, тәтті

Ағайын ащы, мал тұщы.

Ілмектер: ағайын, мал, ащы, тұщы

Алуа қанша тәтті болса,
Запыраны сонша ащы болады.

Ілмектер: алуа, тәтті, ащы, запыран

Атасы ащы алма жесе, ұлының тісін қамар,
Атасы мен анасы ащы алма жесе, ұлы мен қызының тісін қамар.

Ілмектер: ата, алма, ащы, қыз, ана, ұл

Басқаның тісі ащы жеп қамалады,
Қазының тісі тәтті жеп қамалады.

Ілмектер: тіс, тәтті, ащы, қазы

Ащы еңбектен тәтті нан.

Ілмектер: ащы, еңбек, нан

Ащы мен тұщыны татқан білер,
Алыс пенен жақынды жортқан білер.

Ілмектер: алыс, жақын, ащы, тұщы