Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (1) Мақал-мәтелдер (8) Ұлағатты сөздер (11)

Ақылсыз атқа мінсе,
Атасын басып кете жаздайды.

Ілмектер: жан-жануар, төрт түлік мал, ақылсыз

Ақылсыз адам "менмен" келер,
Ақылды адам - кеңінен келер.

Ілмектер: ақылды, ақылсыз, адам, менмендік

Ақылды қазы да кейде аңғал шешім айтады,
Ақылсыз бала да кейде ойнап атып тигізеді.

Ілмектер: ақыл, аңғал, шешім, ақылсыз, ойын, бала

Ақылдыға сөз айтсаң,
Толыса түсер ақылы.
Ақылсызға сөз айтсаң,
Сол күйі қалар ақыры.

Ілмектер: ақылды, ақыл, ақылсыз

Ақылдыға сөз ерер,
Ақылсызға бөз ерер.

Ілмектер: ақылды, ақылсыз, сөз

Ақылсыз кісі — қос уыс қоқыс.

Ілмектер: ақылсыз, ақымақ, қос, уыс, қоқыс

Ақылсыз қарт өкінішпен қартаяр,
Есті қарт қайғырмай-ақ қартаяр.

Ілмектер: ақылсыз, қарт, өкініш, қарттық, есті, қайғы

Ақылсызға төре жоқ.

Ілмектер: ақылсыз, ақымақ, төре