Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (13) Өлеңдер (12) Мақал-мәтелдер (20) Ұлағатты сөздер (7)

Сары қымыз сүйегіңе сіңсе,
Сан ауруды кеседі.
Сары бал сүйегіңе сіңсе,
Кәрілік жоқ — деседі.

Ілмектер: қымыз, бал, ас

Тікеннен — гүл,
Заһардан — бал.

Ілмектер: гүл, бал, заһар

Өз кемеріңнен шыққан баланы
Бал сүтіңмен бағарсың.
Бал сүтіңмен бақпасаң,
Кәйтіп көңілін табарсың?!

Ілмектер: бала, бал

Сыйға сый, сыраға бал.

Ілмектер: сый, бал

Тату болсаң балдай бол,
Ащы болсаң тұздай бол.

Ілмектер: татулық, ащы, бал, тұз

Балды май – дәмді май.

Ілмектер: бал, май, дәмді, Араб мақал-мәтелдері

Балдан тамар, байдан жұғар.

Ілмектер: бал, бай, жұғу, таму

Сыйлап берген сірке, сатып алған балдан артық.

Ілмектер: сірке, бал, сый

Біреуге – бал,
Біреуге – зәр.

Ілмектер: бал, зәр, парсы мақалы

Тәжірибесіз ғалым –
Балсыз ара.

Ілмектер: ғалым, тәжірбие, бал, ара, парсы мақалы

Зәрінен кейін балын жей алмассың.

Ілмектер: зәр, бал, парсы мақалы

Балдан тәтті болма,
Зәрден ащы болма.

Ілмектер: бал, зәр, ащы, тәтті

Дүниеде бал тәтті,
Бала балдан да тәтті.

Ілмектер: дүнте, бала, бал

Айтады екен алуа, бал татқандар:
«Азанда аш қой түнде тойып жатқандар».

Ілмектер: бал, алуа, аш, тоқ, түн, азан

Ара қанша бал берсе де,
Зәрін бір төкпей тұрмайды.

Ілмектер: ара, зәр, бал

«Бал», «Бал» дегенмен аузы дәмді болмас.

Ілмектер: бал, ауыз, дәм

Бал қайда болса, ара сонда.

Ілмектер: бал, ара

Бал татқан бармағын жалар.

Ілмектер: бал, бармақ, жалау

Ананың сүті—бал,
Баланың тілі — бал.

Ілмектер: ана сүті, бал

Бұл өмірдің балында ара бар, сақтан.

Ілмектер: өмір, бал, ара, сақтық