Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (4) Өлеңдер (44) Жоспарлар (1) Мақал-мәтелдер (18) Ұлағатты сөздер (4)

Күркіреген бұлттың жаңбыры аз.

Ілмектер: жаңбыр, бұлт

Бұлт —
Жаңбыр жаршысы.

Ілмектер: бұлт

Бұлт қайда орнаса,
Береке сонда шөгеді.

Ілмектер: береке, бұлт

Іссіз тұрған білімді жаңбырсыз бұлттай.

Ілмектер: іс, білім, жаңбыр, бұлт

Ит үреді,
Бұлт көшеді.

Ілмектер: ит, бұлт, парсы мақалы

Кешке бұлт қызарса,
Қатыны ұл табар.
Таңда бұлт қызарса,
Ауылын жау шабар.

Ілмектер: бұлт, ауыл, жау

Қара бұлтты жел ашар,
Қара құлыпты пара ашар.

Ілмектер: қара, бұлт, жел, ақша, пара

Торлаған бұлтты боран қашырар.

Ілмектер: бұлт, боран

Жел еспей,
Бұлт көшпес.

Ілмектер: жел, бұлт

Аспандағы бұлтқа қарама,
Жердегі жұртқа қара.

Ілмектер: жер, жұрт, бұлт, Атамекен, Ел, Халық

Бақыт көктемгі бұлт сияқты,
Ол көрген түстей, ұшқан құстай өте шығады.

Ілмектер: бақыт, көктем, бұлт, құс, түс

Бұлыңғыр күннің артынан
Бұлтты түре күн шығар.

Ілмектер: бұлт, күн

Аяз болады, бұлт болады,
Өткен күндер ұмыт болады.

Ілмектер: аяз, бұлт, күн, ұмыт

Бұлт болса, күн жауар,
Ашық болса, жылытар.
Өскен-туған жерлерін
Тентек кісі ұмытар.

Ілмектер: бұлт, күн, отан, тентек, ұмыту

Бұлт та бұйрықпен жауады.

Ілмектер: бұлт, бұйрық

Бұлт өзеннен су алса ғана жауады.

Ілмектер: бұлт, өзен, су

Бұлт көтерілсе, бағбан бағын ойлайды.

Ілмектер: бұлт, бағбан, бақ

Бұлт — ала, жер — шола.

Ілмектер: бұлт, жер