Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (6) Өлеңдер (4) Мақал-мәтелдер (12) Ұлағатты сөздер (8)

Жүйрік тоқтығын білдірмес,
Жомарт жоқтығын білдірмес.

Ілмектер: жан-жануар, төрт түлік мал, жомарт

Жоқшылық жомарт ердің
Қолын байлар.

Ілмектер: жомарт, ер, жоқшылық

Жомарт бергенін айтпас,
Ер айтқанынан қайтпас.

Ілмектер: жомарт, ер, сөз, батыр

Жомарт жоқты білмейді, батыр көпті білмейді.

Ілмектер: жомарт, батыр

Шын жомарт жоқтығын білдірмес.

Ілмектер: жомарт, жоқтық

Қонақтың қаржысымен қой сойсаң,
Атымтай Жомарттан нең кем.
Арғымақтың желісінен,
Аруананың өрісі кең.

Ілмектер: қонақ, жомарт, парсы мақалы

Берген жомарт емес,
Алған – жомарт.

Ілмектер: жомарттық, жомарт

Адамның жаманы — мылжың,
Жақсысы — жомарт.

Ілмектер: адам, жаман, жақсы, жомарт, мылжың

Азат жанды құл қылайын десеңіз,
Шүлен тарат, қайтар содан есеңіз.
«Жомарт» ат берген ерге тағылады,
Ел-жұрты соған қарай ағылады.

Ілмектер: құл, азат, ер, жомарт, халық

Ақылды деп айтса болар
Айттырмай өзі білгенді.
Жомарт деп айтса болар
Сұратпай өзі бергенді.

Ілмектер: ақыл, жомарт

Бақылдық жүрген жерде
Жомарттық жасап болмайды.

Ілмектер: бақылдық, жомарт, сараңдық, сараң

Жомарт бергенін айтпас.

Ілмектер: жомарт, жомарттық