Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (46) Өлеңдер (21) Жоспарлар (1) Мақал-мәтелдер (136) Ұлағатты сөздер (22) Әзіл, анекдоттар (4)

Итті күшігінде үйрет.

Ілмектер: үйрету, ит

Иесін сыйлағанның итіне сүйек сал.

Ілмектер: ит, сыйлау

Сыпайының итіне кет дегенің — өзіне кет дегенің.

Ілмектер: сыпайы, кет, ит

Итті қонақ жараспас.

Ілмектер: ит, қонақ

Қатын көп болса, шөмішті ит жалайды.

Ілмектер: қатын, көп, ит

Ауыл итінің құйрығы қайқы.

Ілмектер: ит

Жаман иттің атын бөрібасар қояды.

Ілмектер: ит, есім

Хасанның иті
Асанның үйінен ас ішіп,
Бошанның үйін қориды.

Ілмектер: ит, үй

Кәрі ит шоқиып отырмаса, үре алмайды.

Ілмектер: ит

Боранды күні бала құтырар,
Желді күні ит құтырар.

Ілмектер: боран, ит, бала

Қызды ауылдың иті жатпас.

Ілмектер: қыз, ит, ауыл

Сөйлей білмеген кісіден,
Үре білген ит артық.

Ілмектер: ит, кісі, сөз, тіл

Ит — жеті қазынаның бірі.

Ілмектер: ит, қазына

Есіктен ергенек кетсе,
Иттен иба кетеді.

Ілмектер: ит

Жеңген ит желкесінен талайды.

Ілмектер: ит

Аш иттің құйрығын
Сұқ ит жалайды.

Ілмектер: ит, жануар

Иттің құны — бір күшік.

Ілмектер: ит, жануар

Иттің басын алтын табаққа салсаң
Шоршып түсер.

Ілмектер: ит, жануар

Қазаннан қақпақ кетсе,
Иттен ұят кетеді.

Ілмектер: ит, жануар, ұят

Иттің ұлығанын бөрі есітпес.

Ілмектер: ит, бөрі, жануар