Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (4) Өлеңдер (5) Жоспарлар (1) Мақал-мәтелдер (31) Ұлағатты сөздер (73)

Күш атасын танымас.

Ілмектер: күш

Қайрат деген қыран бар
Өлімге күш бермейтін.

Ілмектер: қайрат, өлім, күш

Күшің барда, істе!
Тісің барда, тісте!

Ілмектер: күш, еңбек

Күш білекте емес, жүректе.

Ілмектер: күш, тәрбие, өнеге

Жаманның күші,
Жапалаққа жетер.

Ілмектер: күш, жаман

Аузына әлі жетпегеннің
Қолында шоқпары бар.

Ілмектер: күш, әл

Көптің күші көлдей,
Көшіп жүрген елдей.

Ілмектер: ел, халық, күш, туған жер

Елдің күші елу батпан.

Ілмектер: ел, күш, сан

"Әйт-шүу" деген атанға күш,
"Әуіп" деген жігітке күш.

Ілмектер: күш, ер, жігіт, ерлік, батырлық

Алғыр жігіт ақылына қарай іс қылар,
Олақ жігіт оңай жұмысты күш қылар.

Ілмектер: алғыр, олақ, іс, еңбек, жігіт, күш

Тіліңе сүйенбе, күшіңе сүйен,
Күшіңе сүйенбе, ісіңе сүйен.

Ілмектер: тіл, еңбек, күш, іс

Кімнің ісі көп болса,
Соның күші көп.

Ілмектер: іс, күш, еңбек

Тілге шешен, күшке мешел.

Ілмектер: тіл, шешен, күш, мешел, еңбек

Баста мый жоқ болса,
Екі аяққа күш түсер.

Ілмектер: бас, мый, аяқ, күш, ақымақ

Еңбексіз әлем,
Күш кешеді әрең.

Ілмектер: еңбек, әлем, күш

Аты-тоны бар кісіде,
Әзіретәлінің күші бар.

Ілмектер: кісі, күш, адам, адам және оның қасиеттері

Күш - білімде.

Ілмектер: күш, білім

Әйелдің күші жоқ, айласы көп.

Ілмектер: әйел, айла, күш

Алпыстағы әкеңнің
Артық күшін пайдалан.

Ілмектер: әке, күш

Күшті күшсізді күйретеді.

Ілмектер: күш, күйреу, қырғыз мақалы

Пікірлер