Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (31) Өлеңдер (40) Жоспарлар (1) Мақал-мәтелдер (85) Ұлағатты сөздер (39) Әзіл, анекдоттар (1)

Көзі жоқ, құлағы саудың
Ақылы толады.
Құлағы жоқ, көзі саудың
Ақылы солады.

Ілмектер: ақыл, көз, құлақ

Көзбен көргенді
Құлақпен есіткен жеңген.

Ілмектер: көз, жеңу, дәуір

Жылайын деген баланың
Үш күн бұрын көзі қышиды.

Ілмектер: жылау, бала, көз

Көз — нұрдың ұясы,
Көңіл — сырдың ұясы,
Сезім — жырдың ұясы.

Ілмектер: көңіл, сезім, көз, тіл, сөз

Аяқ — арғымақ.
Қол — азамат.
Көз — жанат.
Сөз — қанат.

Ілмектер: сөз, аяқ, қол, көз

Өзі жоқтың — көзі жоқ.

Ілмектер: көз

Көзі қарайған там сүзер.

Ілмектер: көз, көрмеу

Құлақ есіткенді көз көреді.

Ілмектер: құлақ, көз, есту, көру

Көзден кетсе, көңілден кетеді.

Ілмектер: көз, көңіл

Көзің барда көргенің –
Көңіліңе тергенің.

Ілмектер: көз, көңіл

Көз көрмей,
Көңіл сенбес.

Ілмектер: көз, көңіл

Соқырдың тілегені екі көзі.

Ілмектер: соқыр, тілеу, көз

Жүректің сырын
Көздің нұрынан байқа!

Ілмектер: жүрек, сыр.нұр, көз

Көзі көрместің
Көңілі сезбес.

Ілмектер: көз, көңіл

Кенеуі жоқ кеудеге - сылдыратып сөз береді,
Ақылсыз басқа - бадырайтып көз береді.

Ілмектер: ақыл, сөз, көз

Көз жетпеген жерге сөз жетеді.

Ілмектер: көз, сөз

Сол көзіңе, оң көзің қарауыл босын.

Ілмектер: көз, сақтық, қырағылық

Қастағы сояу көзді аңдиды.

Ілмектер: көз, сақтық, қырағылық

Мешкейдің өзі тойса да, көзі тоймайды.

Ілмектер: мешкей, ашқарақ, ынсап, пейіл, көз

Көңіл - қазы, көз - таразы.

Ілмектер: көңіл, көз, адалдық, адамгершілік, ізгілік, ынтымақ