Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (2) Өлеңдер (1) Мақал-мәтелдер (46) Ұлағатты сөздер (3)

Көптің қолы көкке жетеді.

Ілмектер: ел, көпшілік

Көп күлкісі күннен де ыстық.

Ілмектер: көпшілік, ел, жұрт

Көпке топырақ шашпа.

Ілмектер: ел, көпшілік

Құдайға жазсаң жаз,—
Көпке жазба.

Ілмектер: ел, көпшілік

Көп қараса, жоқ табылар.

Ілмектер: көпшілік

Көптік қайда болса,
Тоқтық сонда болады.

Ілмектер: көпшілік, ел

Көптің ауызы —
Темір талқы.

Ілмектер: көпшілік

Көптен қулық артылмас,
Көзді дария сарқылмас.

Ілмектер: көпшілік, ел

Көп ұнатса,
Көк тоқтыңды сойып бер.

Ілмектер: көпшілік, ел

Көп дәнекер
Көлді де бекітер.

Ілмектер: көпшілік

Аздың атасы бір,
Көптің батасы бір.

Ілмектер: аз, көпшілік

Көптің құрығы ұзын.

Ілмектер: көпшілік

Көбікті төкпе,
Көпті сөкпе.

Ілмектер: көпшілік

Көп ауызы дуалы.

Ілмектер: көп, көпшілік

Көштен бөлінсең де,
Көптен бөлінбе.

Ілмектер: көпшілік, ел

Мың ұрғанды жын ұрады.

Ілмектер: жын, көпшілік

Көкті тіреуге болмайды,
Көпті мінеуге болмайды.

Ілмектер: көпшілік, ел

Көзсіз күнелтсең де,
Көпсіз күнелте алмайсың.

Ілмектер: көпшілік, ел

Көптің көзі көреген,
Көптің қолы береген.

Ілмектер: көпшілік, ел

Жер шетіне жүйрік жетпейді.
Көпке бұйрық жетпейді.

Ілмектер: жер, көпшілік