Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (13) Өлеңдер (9) Мақал-мәтелдер (7) Ұлағатты сөздер (3)

Ақ сұңқар ұшқырмын деп мақтанба,
Алдында құрулы торлар бар.
Арғымақ жүйрікпін деп мақтанба
Алдында алуан орлар бар.

Ілмектер: мақтаншақ, мақтаншақтық

Жапа шегіп, жай жату,
Жасқаншақтың белгісі.
Аспандағы айды ату.
Мақтаншақтың белгісі.

Ілмектер: жасқаншақ, мақтаншақ

Мақтаншақты мақтасаң,
Басыңа секіреді.

Ілмектер: мақтаншақ

Жағымпаз — жасқаншақ,
Жаман — мақтаншақ.

Ілмектер: жаман, мақтаншақ

Ескі бай аяншақ келер,
Жаңа бай мақтаншақ келер.

Ілмектер: бай, мақтаншақ, пейіл, ынсап

Мақтаншақ міншіл келеді,
Қызғаншақ күншіл келеді.

Ілмектер: мақтаншақ, күншіл

Мақтаншақтың қазаны бос қайнайды.

Ілмектер: мақтаншақ