Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (1) Мақал-мәтелдер (13) Ұлағатты сөздер (17)

Жапалақ мақтанса,
Жардан қоян алдым дер.
Жаман мақтанса,
Жақсының жағасынан алдым дер.

Ілмектер: мақтаншақтық

Жақсымын деп мақтанба, халық айтпай,
Батырмын деп баптанба, барып қайтпай.

Ілмектер: мақтаншақтық, батырлық

Ақ сұңқар ұшқырмын деп мақтанба,
Алдында құрулы торлар бар.
Арғымақ жүйрікпін деп мақтанба
Алдында алуан орлар бар.

Ілмектер: мақтаншақ, мақтаншақтық

Ат қартайса
Жасқаншақ болады
Ер қартайса,
Мақтаншақ болады.

Ілмектер: жан-жануар, төрт түлік мал, ер, қартаю, мақтаншақтық

«Барамын» деп мақтанба,
Жарлық бар.
«Көппін» деп мақтанба,
Жалғыздық бар.

Ілмектер: мақтаншақтық

Мақтанып жүрмей,
Сақтанып жүр.

Ілмектер: мақтаншақтық

Екі батыр мақтанса:
Батырлығы мен барлығын айтар.
Екі жаман мақтанса:
Ұрлығы мен қарлығын айтар.

Ілмектер: батыр, мақтаншақтық

Бай баласы мақтанса - жылқыдан жорға міндім дер,
Би баласы мақтанса - парадан шапан кидім дер.

Ілмектер: бай, би, мақтаншақтық, мақтану

Басым бар деп топтанба,
Малым бар деп мақтанба.

Ілмектер: мал, мақтану, мақтаншақтық, пейіл, ынсап

Бай мақтанса - табылар,
Кедей мақтанса - шабылар.

Ілмектер: бай, мақтану, мақтаншақтық, кедей, өмір, орта, тұрмыс, тірлік, қоғамдық құбылыстар

Батыр мақтанса бір оқтық,
Бай мақтанса бір жұттық.

Ілмектер: батыр, мақтану, мақтаншақтық, бай

Барынша бөсіп мақтанғанша,
Тілді тістеп ұстаған жөн.

Ілмектер: тіл, мақтану, мақтаншақтық, тіс

Ақылды мақтанса, істі тындырар,
Ақылсыз мақтанса, аяғын сындырар.

Ілмектер: ақыл, ақылды, мақтану, мақтаншақтық