Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақал-мәтелдер (14) Ұлағатты сөздер (2)

Кәсіп, кәсіп түбі - нәсіп.

Ілмектер: кәсіп, нәсіп, еңбек

Арамнан алған түйеден,
Адалдан алған ешкі жақсы.

Ілмектер: нәсіп, арам, адал, ешкі, түйе

Қарманған қарап қалмайды.

Ілмектер: кәсіп, нәсіп, еңбек

Қимылдаған қыр асады.

Ілмектер: нәсіп, кәсіп, еңбек

Алыстан арбалағанша,
Жақыннан дорбала.

Ілмектер: алыс, жақын, еңбек, нәсіп, кәсіп

Түсі келіспей, ісі келіспес.

Ілмектер: түс, іс, еңбек, нәсіп, кәсіп

Қасықтап жинап,
Шөміштеп төкпе.

Ілмектер: ас, тағам, тамақ, қасық, нәсіп, ысырап

Қысқа шілдеде қу сақта,
Жаз шілдеде су сақта.

Ілмектер: су, нәсіп, кәсіп, еңбек

Ебептен себеп, балшықтан мұрат.

Ілмектер: мұрат, нәсіп, кәсіп, еңбек

Кезі келсе кетпен шап,
Майрылмаса, қайырылсын.

Ілмектер: кәсіп, нәсіп, кетпен

Шөбі жоқ деп жерден түңілме,
Мал бітпес деп ерден түңілме.

Ілмектер: шөп, ер, мал, түңілу, нәсіп

Ерте шықсаң, алдыңнан күн шығады,
Кеш шықсаң, алдыңнан түн шығады.

Ілмектер: ерте, кеш, нәсіп, күн, түн

Ерте тұрған өкінбес.

Ілмектер: нәсіп

Киіз кімдікі болса,
Білек соныкі.

Ілмектер: нәсіп, еңбек, киіз

Пікірлер