Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (4) Өлеңдер (1) Мақал-мәтелдер (23) Ұлағатты сөздер (3)

Өтпес пышақ қол кесер.

Ілмектер: пышақ

Алтын пышақ өтпесе,
Алтынын ал да отқа жақ.

Ілмектер: алтын, пышақ, пайдалы болу, пайдалы

Кезенген пышақ,
Кез бойы ұзарып кетеді.

Ілмектер: пышақ

Кісі өлтіретін пышақты
Кісі көрмейді.

Ілмектер: өлім, пышақ, кісі

Балаға пышақ бермесең бір жылар,
Берсең екі жылар.

Ілмектер: бала, пышақ, жылау, отбасы, туыс, жанұя

Пышағыңды қайрап жүр, не соярыңды білсеңіз,
Жауабыңды сайлап жүр, жолдасыңның не сұрарын білсеңіз.

Ілмектер: пышақ, қайрау, жауап, жолдас, сұрақ

Битке пышақ суырма.

Ілмектер: бит, пышақ

Пышағыңның күмісіне қарап,
Өтпесіне болайын.

Ілмектер: пышақ, күміс, өтпес

Суатсыз жерден суға түспе,
Буынсыз жерге пышақ ұрма.

Ілмектер: суат, су, пышақ

Пышақ өз сабын кеспейді.

Ілмектер: пышақ, сап, парсы мақалы

Жүз пышақта бір сап жоқ.

Ілмектер: пышақ, сап, жүз, парсы мақалы

Мұрны кесілген жан пышақты аузына да алмас.

Ілмектер: мұрын, пышақ, ауыз, ауған елінің мақалы, ауған мақалы

Терісін сыдырған соң
Пышағыңды сындырма.

Ілмектер: тері, пышақ

Өткір пышақ та өз сабын кеспейді.

Ілмектер: пышақ, сап, өткір

Пышағы өткір байымайды.

Ілмектер: пышақ, қырғыз мақалы, бай, кедей

Ет – пышақтынікі.

Ілмектер: ет, пышақ, қырғыз мақалы

Қасап та өзі,
Пышақ та өзі.

Ілмектер: қасап, пышақ, қырғыз мақалы

Баспас ат, өтпес пышақ – жұрт айтады.
Жігітті осы екеуі қартайтады.

Ілмектер: ат, пышақ, жұрт, жігіт, қырғыз мақалы

Ұста пышаққа жарымас,
Етікші етікке жарымас.

Ілмектер: ұста, пышақ, етік, етікші, өнер

Асқынған ауруға пышақ ем.

Ілмектер: ауру, денсаулық, пышақ, ем

Пікірлер