Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (1) Мақал-мәтелдер (9) Ұлағатты сөздер (4)

Арғымаққа оқ тисе, мәстектей туламас.
Сыпайыға оқ тисе, жамандардай жыламас.

Ілмектер: сыпайы

Сыпайының итіне кет дегенің — өзіне кет дегенің.

Ілмектер: сыпайы, кет, ит

Сыпайының үстінде шаң тұрмас
Сақының көгенінде мал тұрмас.

Ілмектер: сыпайы, қонақ

Сыпайыны үйде көрме, түзде көр.

Ілмектер: адам, сыпайы

Сыпайы тоңбас, қалтырар.

Ілмектер: сыпайы, адам

Сыпайы сырын жасырмас,
Пұшық мұрнын жасырмас.

Ілмектер: сыпайы, адам

Сыпайы, киімді киіп тоздырады,
Сараң, киімді жиып тоздырады.

Ілмектер: сыпайы, сараң, адам

Сыпайыны арығында бақ.

Ілмектер: сыпайы, адам

Арғымаққа оқ түссе,
Мәстектей туламас.
Сыпайыға оқ түссе,
Жамандай шуламас.

Ілмектер: арғымақ, оқ, сыпайы, жаман, шулау

Пікірлер