Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (1) Өлеңдер (1) Жоспарлар (1) Мақал-мәтелдер (17) Ұлағатты сөздер (6)

Басыңды көтеріп елден сұрағанша,
Басыңды иіп жерден сұра.

Ілмектер: егіншілік, ел, сұрау

Есі кеткеннен ем сұрама,
Есіріктен жөн сұрама.

Ілмектер: ем, сұрау

Іздегенге – сұраған.

Ілмектер: іздеу, сұрау

Бұраудың да сұрауы бар.

Ілмектер: сұрау

Сұрау - бір минуттық ұят, ал білмеу - өмірдің соңына дейін - ұят.

Ілмектер: Жапон даналығы, ұят, білмеу, сұрау

Сұрай-сұрай Меккеге барады.

Ілмектер: сұрау, Мекке, тәлім, тағлым, тәрбие

Өзіңнен бір көйлек тоздырғаннан сұра.

Ілмектер: көйлек, сұрау, кеңес, ақыл

Алмақтың салмағы бар, берудің сұрауы бар.

Ілмектер: беру, алу, салмақ, сұрау

Білмегенді сұраудың ұяты жоқ.

Ілмектер: сұрау, ұят

Дана білсе де сұрайды,
Надан білмесе де сұрайды.

Ілмектер: дана, надан, парсы мақалы, сұрау

Шөлмекшіден шөлмек сұрай ма екен.

Ілмектер: сұрау, шөлмек

Сұрағанға текке бер,
Сусағанға жекке бер.

Ілмектер: беру, сұрау, қырғыз мақалы

Ат сұраған қорлық емес,
Ер–тоқым сұраған қорлық.

Ілмектер: ат, ер-тоқым, қорлық, сұрау

Адалға есеп, арамға да сұрау бар...

Ілмектер: адал, арам, сұрау, есеп

Адамнан сұрама,
Құдайдан сұра.

Ілмектер: адам, құдай, сұрау

Бердім бір ай,
Келдім сұрай.

Ілмектер: беру, сұрау

Кім сұрайды, ол адаспайды.

Ілмектер: мысыр мақалы, сұрау, адасу