Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (2) Жоспарлар (2) Мақал-мәтелдер (12) Ұлағатты сөздер (34)

Арғымақ аттың баласы
Аз оттап көп жусайды.
Асыл ердің баласы.
Аз сөйлеп, көп тыңдайды.

Ілмектер: жан-жануар, төрт түлік мал, ер, сөйлеу, тыңдау

Әке тұрып бала сөйлесе,
Ер жеткені.
Шеше тұрып қыз сөйлесе,
Бой жеткені.

Ілмектер: әке, ер, шеше, ана, қыз, сөйлеу

Батыр сөйлей қалса:
Жауға салған ойнағын айтар.
Сәудегер сөйлей қалса:
Ала шапан, байрағын айтар.
Шаштараз сөйлей қалса:
Ұстарасын жаныған қайрағын айтар.
Ақымақ сөйлей қалса:
Ақылға қонбайтын қайдағыны айтар.

Ілмектер: сөз, сөйлеу, батыр, ақымақ

Көп біл, аз сөйле.

Ілмектер: біл, сөйлеу, тәлім, тағлым, тәрбие

Емен ағаштың иілгені - сынғаны,
Ер жігіттің екі сөйлегені - өлгені.

Ілмектер: емен, ағаш, ер, сөйлеу

Бұра сөйлеген күлуге жақсы.

Ілмектер: сөйлеу, қырғыз мақалы

Ақылды кісі аз сөйлер.

Ілмектер: ақыл, аз, сөйлеу

Ата тұрып сөйлеген баладан без,
Ана тұрып сөйлеген қыздан без.

Ілмектер: ата, ана, бала, тәрбие, қыз, сөйлеу, әдеп

Әдемі сөйлегеннің ісі әйбат.

Ілмектер: әдебі, сөйлеу, іс, әйбат

Әмірдің алдында сөйлегеннен, тыңдаған жақсы.

Ілмектер: әмір, тыңдау, сөйлеу

Білікті адам жұрт тынғанда сөйлейді.

Ілмектер: адам, жұрт, біліктілік, сөйлеу

Білікті адам сөйлемей-ақ білініп тұрады.

Ілмектер: біліктілік, білікті, сөйлеу