Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақал-мәтелдер (14) Ұлағатты сөздер (3)

Ораза, намаз, тоқтықта,
Құйрығын қысар жоқтықта.

Ілмектер: ораза, намаз, тоқтық

Ашта тойғаныңды тоқта ұмытпа.

Ілмектер: аштық, тоқтық

Бай тоқтығынан кекіреді,
Кедей аштығынан секіреді.

Ілмектер: кедей, бай, аштық, тоқтық

Тоқтың жоқпен ісі жоқ.

Ілмектер: тоқтық, іс, парсы мақалы

Тоқтық нанды кемітеді,
Аштық ішекті шірітеді.

Ілмектер: нан, аштық, тоқтық

Ашта жеген құйқаны –
Тоқта ұмытпа.
Тоқта жеген құйқаны –
Тіпті ұмытпа.

Ілмектер: аштық, тоқтық

Аш қайғысын тоқ білмейді.

Ілмектер: тоқтық, аштық, қайғы

Арпа жеген ат ойнақтар.

Ілмектер: арпа, ат, қырғыз мақалы, тоқтық

Аталы баланың өзі тойған,
Жетім баланың көзі ғана тойған.

Ілмектер: ата, бала, жетім, көз, тоқтық

Аш асығыс,
Тоқ тыныш.

Ілмектер: аштық, тоқтық, асығыс, тыныштық

Аш адам — әлек,
Онымен тоқтың ісі жоқ.

Ілмектер: тоқтық, аштық, әлек

Аш адамның тоқпен ісі жоқ,
Тоқ адамның ашпен ісі жоқ.

Ілмектер: аш, тоқ, адам, аштық, тоқтық

Аш болып тірі жүргенше,
Тоқ болып өлген артық.

Ілмектер: аштық, тоқтық, өлім, артық

Ашқан қарын тоймастай,
Тойған қарын ашпастай.

Ілмектер: қарын, тағам, тамақ, ас, аштық, тоқтық

Пікірлер