Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (38) Өлеңдер (23) Мақал-мәтелдер (6) Ұлағатты сөздер (2) Әзіл, анекдоттар (2)

Кемпір шалдың тілін біледі,
Шал малдың тілін біледі.

Ілмектер: жан-жануар, төрт түлік мал, шал, кемпір

Шалды шақыр, асыңа келсін,
Шалдығына күл, басыңа келсін.

Ілмектер: шал, кәрілік, қарт, қарттық

Алтыға дейін бала ерке,
Алпыстан кейін шал ерке.

Ілмектер: бала, шал, кәрілік, қарт

Алты жасар бала атқа мінсе,
Алпыстағы шал
Алдынан шығып атын ұстар.

Ілмектер: бала, ат, шал

Шалға қарттық,
Жігітке жастық жарасады.

Ілмектер: жігіт, шал, қарт, адам

Екі баланың арасындағы шал
Бала болады.
Екі шалдың арасындағы бала
Дана болады.

Ілмектер: бала, дана, шал