Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (4) Өлеңдер (5) Мақал-мәтелдер (18) Ұлағатты сөздер (4)

Шөптің басын сындырмас,
Сындырса да тындырмас.

Ілмектер: шөп

Көктен жауын жауады,
Шөптен жұпар тамады.

Ілмектер: көк, шөп

Шөп те болса, көп болсын.

Ілмектер: көп, шөп

Отты жаға білмеген
Пықсытады.
Шөпті шаба білмеген
Қоқсытады.

Ілмектер: от, шөп, білмеу

Шөбі жоқ деп жерден түңілме,
Мал бітпес деп ерден түңілме.

Ілмектер: шөп, ер, мал, түңілу, нәсіп

Сусыз жердің шөбі артық.

Ілмектер: су, шөп, жер

Мал шөпке, адам сөзге тоқтайды.

Ілмектер: адам, сөз, мал, шөп

Жақсыға сөз ереді,
Жаманға шөп ереді.

Ілмектер: жаман, жақсы, сөз, шөп

Көктемгі жауын көп болса,
Көкпек шөбі мол болар.

Ілмектер: көктем, жауын, шөп

Қорада бұзау туса,
Далада шөбі өседі.

Ілмектер: қора, бұзау, шөп

Шөптен – аласа,
Судан – тайыз.

Ілмектер: су, шөп, қырғыз мақалы

Көрген шөпті елемеу – көзге зиян.

Ілмектер: шөп, зиян, қырғыз мақалы

Жел болмай шөп басы қозғалмас.

Ілмектер: жел, шөп, себеп

Жаман бұқа өз басына шөп үйеді.

Ілмектер: жаман, бұқа, шөп, қырғыз мақалы

Жел соқпаса, шөптің басы қимылдамайды.

Ілмектер: жел, шөп

Су аққан жерінен ағар,
Шөп шыққан жеріне шығар.

Ілмектер: су, жер, шөп

Бұланға ерген шөпке аунар,
Доңызға ерген боққа аунар.

Ілмектер: бұлан, доңыз, шөп, еру

Денсаулық туралы мақал-мəтелдер.
1.Шынықсаң шымыр боларсың.
2.Адамның басты байлығы денсаулық.
3.Дана көптен шығады,
Дəрі шөптен шығады.
4.Бірінші байлық-денсаулық.
5.Ауырып ем іздегенге,
Ауырмайтын жол ізде.
6.Ауру батпандап кіреді,
Мысқылдап шығады.
7.Дерт көп, денсаулық біреу.
8.Демі бардың емі бар.
9.Ішің ауырса аузыңды тый,
Көзің ауырса қолыңды тый.
10.Арақ ішіп, темекі шеккен,
Денсаулықтың түбіне жетеді.

Ілмектер: шымыр, дəрі, шөп, ауру, денсаулық, арақ, темекі, батпандап, мысқылдап, дерт, ем