Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (8) Өлеңдер (1) Жоспарлар (1) Мақал-мәтелдер (139) Ұлағатты сөздер (16)

Айрылғанды аю асайды, бүлінгенді бөрі асайды.

Ілмектер: бірлік, ынтымақ

Бірлік жоқ болса, ұйым жоқ,
Ұйым жоқ болса, күйің жоқ.

Ілмектер: бірлік, ынтымақ

Ынтымақтың түбі - игілік,
Тірлік түбі - бірлік.

Ілмектер: бірлік, ынтымақ

Игілік басы - ынтымақ,
Ынтымақты елде күншуақ.

Ілмектер: ынтымақ

Ынтымақты іс бітірер.

Ілмектер: ынтымақ

Ынтымақ болмай іс болмас.

Ілмектер: ынтымақ

Ынтымақтың иығы биік.

Ілмектер: ынтымақ

Теңге - тиыннан, ынтымақ - ұйымнан.

Ілмектер: ынтымақ, қазақ мақалы

Ұрыс ырысты қашырар,
Ынтымақ халықты асырар.

Ілмектер: ынтымақ

Шабыспақ оңай, табыспақ қиын.

Ілмектер: бірлік, ынтымақ, қазақ мақалы

Шықсақ төбеміз бір болсын,
Жатсақ көріміз бір болсын.

Ілмектер: бірлік, ынтымақ

Нан— тамақтың атасы,
Ынтымақ — көптің батасы.

Ілмектер: нан, ынтымақ

Ынтымақ түбі –игілік,
Тірлік, тірлік түбі – бірлік.

Ілмектер: ынтымақ, игілік, тірлік

Бұлақты болса - көл семіреді.
Ынтымақты болса - ел семіреді.

Ілмектер: ынтымақ

Ынтымақ — елдің ырысы.
Ылғал — жердің ырысы.

Ілмектер: ынтымақ, егіншілік

Ауылы бірдің – ауызы бір.

Ілмектер: ауыл, ынтымақ

Бірлік болмай – тірлік болмас.

Ілмектер: бірлік, ынтымақ

Теңге – тиыннан,
Ынтымақ – ұйымнан.

Ілмектер: ынтымақ

Ынтымақ түбі — игілік.

Ілмектер: ынтымақ

Екі құзғын таласса,
Бір қарғаға жем болар.

Ілмектер: ынтымақ