Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (25) Өлеңдер (6) Мақал-мәтелдер (12) Ұлағатты сөздер (13)

Жүлде алмаған жүйріктен,
Белі жуан бесті артық.
Білгені беку «ғалымнан»
Басалқа айтқан есті артық.

Ілмектер: ғалым

Еңбегі жоқ ғалым —
Ыстығы жоқ жалын.

Ілмектер: еңбек, ғалым

Ердің атын аты шығарар,
Ғалымның атын хаты шығарар.

Ілмектер: ер, ғалым

Надан «ғалыммен» жақын болсаң басың қатады,
Ақымақ әкіммен жақын болсаң басың кетеді,
Ұстамен жақын болсаң ісің бітеді.

Ілмектер: надан, ғалым, білім, ілім, ақымақ, әкім, ұста, өнер

Залым жайын залым білер,
Ғалым жайын ғалым білер.

Ілмектер: залым, ғалым

Өзiң бiр жақсы ғалым болсаң,
Елге мәшһүр мәлiм боларсың.

Ілмектер: ғалым, ел, мәшһүр

Ғалым алдында аузыңды тый.

Ілмектер: ғалым, үлгі, өнеге, Тәрбие, тәлім

Ғалым тәлімін өзінен бастасын.

Ілмектер: ғалым, тәлім, тәрбие, парсы мақалы

Тәжірибесіз ғалым –
Балсыз ара.

Ілмектер: ғалым, тәжірбие, бал, ара, парсы мақалы

Ғалым болмақ оңай,
Адам болу қиын.

Ілмектер: ғалым, адам

Кітап ғалым - тілсіз мұғалім.

Ілмектер: кітап, ғалым, тіл, мұғалім