Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (5) Өлеңдер (2) Мақал-мәтелдер (16) Ұлағатты сөздер (1) Әзіл, анекдоттар (2)

Қазанға түскен
Қапқа түспейді.

Ілмектер: қазан

Қазанға тиме, қарасы жұғар,
Балаға тиме, бәлесі жұғар.

Ілмектер: қазан, бала, бәле

Тентекті тентек десең,
Бөркі қазандай болады.

Ілмектер: тентек, бөрік, қазан, мақтану

Қазанның күйесі жұғады,
Ақымақтың бәлесі жұғады.

Ілмектер: қазан, күйе, бәле, ақымақ

Қазаншының еркі бар,
Қайдан құлақ шығарса.

Ілмектер: қазан, пейіл, ынсап

Берместің асы піспес,
Қазаны оттан түспес.

Ілмектер: ас, қазан, салт-дәстур, әдет-ғұрып

Қараның баласына қазан менен сөз керек,
Төренің баласына әнші менен көз керек.

Ілмектер: бала, әнші, көз, қазан, сөз

Қара қазан қазанға:
“Ойпырмай, бетіңді тазала!”

Ілмектер: қазан, парсы мақалы

Қасығы сынған қазаннан ұрттайды.

Ілмектер: қасық, сыну, қазан, ауған елінің мақалы, ауған мақалы

«Астапыралла!» дегеннің қазаны тез қайнайды.

Ілмектер: қазан, қырғыз мақалы

Қазының пісуіне шыдағанда,
Қазанның түсуіне шыдамайсың ба?

Ілмектер: қазан, ас, тамақ, шыдамдылық, шыдам, қырғыз мақалы

Ақылды отқа қарайды,
Ақымақ қазанға қарайды.

Ілмектер: ақылды, от, қазан, ақымақ

Қазан асулы,
Ас пісулі.

Ілмектер: қазан, ас, тамақ

Азансыз молда болса да,
Қазансыз қатын болмайды.

Ілмектер: азан, молда, қазан, әйел, қырғыз мақалы

Аллаға жағамын десең,
Азаның болсын.
Пендеге жағамын десең,
Қазаның болсын.

Ілмектер: Алла, жағу, пенде, қазан

Бақыр, қазан піскені бәрімізге пайдалы.

Ілмектер: бақыр, қазан, ас, тағам, пайда